Полиция Батыс Қазақстандағы жарылысқа қатысты түсінік берді

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы аумағында тікұшақтың ұшып бара жатқаны және жарылыс болғаны туралы әлеуметтік желіде бейнежазбалар тарады.

Капустин Яр полигоны «ОА фотоқорынан»

Бейнежазбада тікұшақ ұшып, тағы да жарылыс болғаны айтылады.

Онда жарылыстан кейінгі түтін мен ауыл үстінен ұшып өткен тікұшақ көрінеді. Куәгерлердің айтуынша, жарылыстың дыбысы өте қатты болған және ауыл тұрғындарының зәресін ұшырған.

Куәгерлердің айтуынша, бұл жерде әскери күштер жарылыс жұмыстарын жүргізген. «Жаман дұңкілдетті», — дейді тұрғындардың бірі, қатты дыбыс ауыл тұрғындарын қатты қорқытқанын баса айтып.

Бұрын аудан аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарын табу жағдайлары тіркелген болатын.

БҚО полиция департаменті 24 сәуір күні шамамен сағат 20.00-де WhatsApp мессенджерінде бейне және аудиожазбаның тарағанын растады. 

— Аталған оқиғалар қоршалған әскери полигон аумағында жоспарлы іс-шараларға байланысты, елді мекеннен алыс жерде болған. Тұрғындарға қауіп жоқ. Жергілікті атқарушы органдар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Фото. ашық дереккөзден

Ресейлік Капустин Яр әскери полигоны Бөкей ордасы ауданының бір бөлігін жалға алып, пайдаланып келе жатқаны белгілі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-23
Утром14.21 ℃
Днем19.29 ℃
Вечером20.14 ℃
Ночью14.15 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.35 м/с
2025-05-24
Утром11.74 ℃
Днем19.59 ℃
Вечером18.79 ℃
Ночью13.45 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.83 м/с