“Түрмеде отырған жақсы еді”: Ресейдің атынан соғысқан қазақстандық оқиғасын бөлісті

Отандасымыз түрмеге отырмау үшін осындай қадамға барғанын айтады.

Ашық дереккөзден

Ресейдің атынан соғысқа қатысып, тұтқынға түскен қазақстандық өз оқиғасы туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Хочу жить” жобасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ол Ресейге демалуға барып, құқық бұзушылық жасағанын, артынша соғысқа жіберілгенін алға тартты.

“Мен Қазақстаннанмын. Ұлтым – қазақ. Байқоңыр ғарыш айлағынан. Жазда Ресейге демалуға барғанмын. Достарыммен ішімдік ішіп, бұзақылық жасадық. Жеткізушінің самокатын ұрлап, ұрдық. Бізді полицейлер ұстап алды. Сол сәтке дейін ішімдік ішіп көрмеген едім. Ең масы мен болдым”, – дейді қазақстандық жігіт.

Отандасымыз түрмеге отырмау үшін осындай қадамға барғанын айтады.

Видеодан скрин

“Қатты қорқып кеттім. Оған дейін құқық бұзушылық жасап көрмегенмін. Полициялық бөлімшеге де бармағанмын. Түрмеге отырмау үшін, келісім-шартқа қол қоюға тура келді. Туыстарыма хабарласып, кеңес сұраймын деп ойлағанмын. Адвокат алмақ болғанмын. Таяқ жеп, кір-кір болып өмір бақи соғыс алаңында жүргенше, түрмеде отырған жақсы еді”, – дейді ол.

Еске салсақ, осыған дейін «Хочу жить» жобасы соғысқа кеткен қазақстандықтардың есімдерін жариялаған еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-11
Утром23.57 ℃
Днем35.33 ℃
Вечером32.46 ℃
Ночью26.99 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра4.83 м/с
2025-07-12
Утром21.91 ℃
Днем33.56 ℃
Вечером34.05 ℃
Ночью26.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.31 м/с