Қазақстанға ЕАЭО-дан тыс елдерден гипсокартон әкелуге 3 айға тыйым салынбақ

Отандық гипсокартон өндірушілер қолданыстағы бағаны сақтауға міндеттеме алды.


Фото: iStock.com / IvanSpasic

Үкіметте премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен сыртқы сауда саясаты және Халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкіметтің хабарлауынша, сұйытылған газды Қазақстан аумағынан әкетуге салынған тыйым ұзартылды. Бұған дейін тыйым шекара маңындағы елдерге сұйытылған мұнай газының ағынын болдырмау және ішкі нарықта тапшылыққа жол бермеу мақсатында қабылданған болатын.

Болат дайындамалар мен жартылай фабрикаттарды әкетуге тыйым 6 айға ұзартылды. Айта кету керек, бұған дейін енгізілген тыйымның оң нәтижесі болат дайындамалар түріндегі жартылай фабрикаттарды шығару бойынша қолданыстағы қуаттарды металлургия өнеркәсібінде неғұрлым терең өңдеуге қайта бағдарлау және арматура экспортын 30 мың тоннаға ұлғайту болды.

Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін мемлекеттерден гипсокартон мен тас өнімдерін әкелуге 3 айға тыйым салу туралы ұсыныс қолдау тапты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда ішкі тұтыну көлемі 58,76 мың тонна болатын 95,2 мың тонна тас төселді. Өткен жылы отандық компаниялар елдегі 38,8 млн шаршы метр сұранысқа 35,5 млн шаршы метр гипсокартан өндірді. Жалпы қазақстандық кәсіпорындардың жылдық өндірістік қуаты шамамен 46 млн шаршы метрді құрайды. Отандық гипсокартон және тас бұйымдарын өндірушілер өнімнің осы түрлеріне қолданыстағы бағаны сақтау бойынша міндеттемелер алды.

Қытайдан ыстық деформацияланған жіксіз құбырларға және ҚХР мен Украина өндірісінің мырышталған прокатына қатысты демпингке қарсы шараларды ұзарту туралы шешім қабылданды.

​Қазақстаннан фанер экспортын автоматты лицензиялау мақұлданды. Бұл отандық фанердің экспорттық тасымалын талдауға мүмкіндік береді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-23
Утром14.21 ℃
Днем19.29 ℃
Вечером20.14 ℃
Ночью14.15 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.35 м/с
2025-05-24
Утром11.74 ℃
Днем19.59 ℃
Вечером18.79 ℃
Ночью13.45 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.83 м/с