БҚО-да тұмаумен ауырғандар көбейген

Жіті респираторлық вирустық инфекцияға (ЖРВИ) шалдыққандар саны 6,5 пайызға кемігенімен, есесіне тұмаумен ауырғандар 7,7 есеге (21-ден 163-ке) өскен.

Көрнекі сурет.

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Динара Жаңабергенованың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, өңірде аса қауіпті жұқпалы аурулар – оба, сібір жарасы, туляремия және бүйрек синдромды геморрагиялық қызбаның (БСГҚ) табиғи ошағы бар. 

Оның сөзіне қарағанда профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде соңғы он жылдан астам уақытта БСГҚ-дан басқа аталған инфекциялардың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ.

-Биылғы үш айда облыс бойынша БСГҚ-ның 10 дерегі тіркелді. Ауру ошақтарының барлығында эпидемиологиялық зерттеу жүргізу, қарым-қатынаста болғандарды медициналық бақылау және қорытынды залалсыздандыру жұмыстары нәтижесінде жұғу жағдайлары орын алған жоқ. Бруцеллез, туберкулез көрсеткішінің төмендеуі байқалды. Бұл – науқаспен байланыста болғандарды ерте анықтау, оқшаулау шараларын дер кезінде жүргізу ісінің жемісі, – деді Д.Жаңабергенова. 

Департамент басшысының айтуынша, 120 жіті ішек инфекциясы тіркеліп, өткен жылғы осы кезеңдегіден (195) 38,7 пайызға азайды. 

Жіті респираторлық вирустық инфекцияға (ЖРВИ) шалдыққандар саны 6,5 пайызға кемігенімен, есесіне тұмаумен ауырғандар 7,7 есеге (21-ден 163-ке) өсті.

Үш айда қызылша жұқтырған 2 адам анықталып, өткен жылғыдан (668) 335,2 есеге төмендеді. 

-Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін тұрғындарды вакцинациялаудың маңызы зор екені белгілі. Профилактикалық екпелермен жоғары деңгейде қамту ұжымдық иммунитет қалыптастыруға ықпал етеді. Осы орайда 21 инфекция бойынша тиісті контингенттерге жоспарлы екпе жұмыстары жүргізілуде, – деді Д.Жаңабергенова.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-23
Утром14.6 ℃
Днем18.62 ℃
Вечером20.14 ℃
Ночью14.15 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра6.35 м/с
2025-05-24
Утром11.74 ℃
Днем19.59 ℃
Вечером18.79 ℃
Ночью13.45 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.83 м/с