Батыс Қазақстанда балық шаруашылығы дамып келеді

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан құрғап қалған көптеген көл қайта кемеріне келді.

primeminister.kz сайтынан

Бір ғана Жаңақала ауданында 20 көл толған, Қамыс-Самар көлдер жүйесіне де тіршілік нәрі жеткен. Ал Казталов ауданындағы Сакрыл көлінде жергілікті кәсіпкер балық шаруашылығын қолға алып, аңшылық туризмін дамытып отыр. Балық өнімдері тек аудан емес, Оралдың сауда сөрелерінде де сатылып жатыр.

Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған Сакрыл көлін осыдан бес жыл бұрын кеуіп жатты десе кім сенер. Жалпақталдық кәсіпкер Әлібек Сартаев айдынды жалға алған. Сарыөзеннен келетін арнаны арып, судың қақпасын ашқан. Бірер жылда көлдің құсы мен балығы жыртылып айырылады. Әрісі — Ресей, берісі — Оралдан туристер келіп демалады.

Дмитрий Горбачев, турист:

— Жәнібек ауданынан келдім. Мұнда балық көп. Тұқы балығы, амур ақмарқасы, сазан, дөңмаңдайлар 7-8 келіге дейін барады. Былтыр 21 келі шортан да шықты. Бұрын көл тартылып, тізеден келетін су қалған. 

Сакрыл көлінің аумағы 2600 гектар. Кәсіпкер көлдің айналасындағы өзектерді бөгеп екі тоған жасаған. Сол жерде балықтар өсіп-өнеді, уылдырық шашады.

Әлібек Сартаев, кәсіпкер:

— Мына өзен арқылы келген балықтар бері қарай кіре алмайды, менің салған шабақтарым әрі қарай шығып кете алмайды. Балықтарым өскен. Сакрыл балығы мол деп халық риза болып жатыр. Жұмыс орындарын ашып қойдық. 10 штат балықшылар бар.  Туристік турларымыз бар, жан жақтан келеді. Ақтөбе, Ақтаудан, Жаңаөзеннен.

primeminister.kz сайтынан

Дегенмен кәсіпкерді су қоймасында балық қорғау құрылғысының жоқтығы қинайды. Көктемде көлтабандарға су айдағанда балықтың біраз бөлігі босқа қырылады. Су айдыны «Қазсушардың» еншісінде болғандықтан кәсіпкер балық қорғау қондырғысын орната алмайды. Ал мамандар су қоймасы ауылшаруашылығы мақсатына арналғанын айтады. Бұл өңірдегі барлық су қоймаларына ортақ проблема.

Дереккөзі: 24.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-20
Утром17.41 ℃
Днем26.39 ℃
Вечером24.16 ℃
Ночью22.33 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.39 м/с
2026-07-21
Утром18.82 ℃
Днем28.64 ℃
Вечером29.37 ℃
Ночью22.86 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.53 м/с