Әлем жаппай қарулануда: Кім қанша қаржы бөлді? Ресей неден қағылды?

2024 жылы әлем елдері қорғаныс саласына рекордтық деңгейде қаржы бөлген. Бұл қырғи-қабақ соғысы аяқталғаннан кейін қорғаныс және қару-жарақ саласына ең көп қаржы бөлінген жыл болды.

2024 жылы әлем елдері қорғаныс саласына 2 трлн 718 млрд доллар қаржы бөлген. SIPRI зерттеушілері 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы әлемде қорғаныс саласына 9,4% қаржы көбірек бөлінгенін анықтады. Соңғы рет әлем елдері қорғаныс саласына дәл осындай қаржыны 1988 жылы бөлген болатын.

Соңғы 10 жылда әлем милитаризация саясатына бет бұрды. 2014-2024 жылдары әлемде қару-жарақ сатып алу, қорғаныс салысын күшейту бойынша бөлінетін қаржы үлесі 37%-ға артқан.

Өткен жылы дүниежүзілік жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) әскери шығындарға бөлінетін үлесі әлем бойынша 2,5%-ға дейін өсті. Қорғаныс шығындарының артуы барлық аймақтарда байқалды. Әсіресе Украинадағы соғыс пен Газадағы қақтығыстар аясында Еуропа мен Таяу Шығыс елдері қару-жарақ сатып алуға қаржыны аямады. Бір жыл ішінде әскери шығындардың ең елеулі өсімі Израильде (+65%) және Ресейде (+38%) тіркелді. Аталған екі ел де көршілес елмен әскери қақтығысқа түсуде.

Әлемде әскери шығындардың 60 пайызы бес елдің үлесіне тиесілі. АҚШ (37%), Қытай (12%), Ресей (5,5%), Германия (3,3%) және Үндістан (3,2%) қорғаныс саласына ондаған және жүздеген млрд доллар қаржы бөлуде. Бұл елдер бір жылда қорғаныс саласына 1,6 триллион доллардан астам қаржы жұмсаған. Биылғы жылы әлемдік әскери шығындардың мемлекеттік бюджеттегі үлесі орта есеппен 7,1%-ға жетті. Ал әр адамға шаққандағы әскери шығын 334 долларды құрап, соңғы отыз жылдан бергі ең жоғары деңгейге көтерілді. Бұл ХХІ ғасырдағы рекорд саналады.

2024 жылы АҚШ-тың әскери шығындары 997 миллиард долларды, ал Қытайдың әскери шығындары 314 миллиард долларды құрады. SIPRI деректеріне сәйкес, Ресей әскери мақсаттарға 149 миллиард доллар жұмсаған. Украина әскери шығындар көлемі бойынша сегізінші орынға шығып, 64,7 миллиард доллар немесе ЖІӨ-нің 34%-ын әскери мақсаттарға бөлді. 2024 жылы Еуропадағы жалпы әскери шығындар 17%-ға артып, 693 миллиард долларға жетті. Еуропаның барлық елдері 2024 жылы әскери шығындарын ұлғайтты, тек Мальта ғана шығындарын арттырған жоқ.

Өткен жылы НАТО-ға мүше елдердің жалпы әскери шығындары 1,5 триллион доллардан асып, әлемдік әскери шығындардың 55%-ын құрады. Еуропадағы НАТО елдері қорғанысқа жалпы алғанда 454 миллиард доллар жұмсады. Олардың ішінде 18 мемлекет қарулы күштерді қаржыландыруға бөлінетін ЖІӨ үлесін 2%-ға дейін ұлғайтты, ал 2023 жылы мұндай елдердің саны 11 болған еді.

SIPRI зерттеушілері Мәскеудің Украинадағы соғыс басталғаннан кейін қару-жарақ экспортын айтарлықтай қысқартқанын анықтады. Сарапшылардың мәліметінше, Ресейдің 2024 жылы қару-жарақ экспорты 2022 жылмен салыстырғанда 47%-ға азайған. Жалпы соңғы бес жылда Ресей қаруын шетелге сату 64%-ға азайды, ал Ресейдің жаһандық қару нарығындағы үлесі 7,8%-ға дейін қысқарды. Осылайша Ресей әлемдегі қару сату бәсекелестігінде өзге елдерге жол беруде және негізгі тұтынушыларынан айырылуда. Қазіргі таңда Ресейдің орнын Франция басып, Ресейдің негізгі тұтынушыларына Париж тиімді шарттар ұсынуда. Ал Мәскеуден қару алатын Африка мен Оңтүстік-Азия елдеріне Үндістан өз қаруын арзан бағамен ұсынуда. Осылайша Ресей Украина соғысына байланысты негізгі табыс көздерінің бірінен қағылуда дейді сарапшылар. 

Mezgil.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-08
Утром14.68 ℃
Днем22.19 ℃
Вечером18.98 ℃
Ночью18.39 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.05 м/с
2026-06-09
Утром15.85 ℃
Днем23.9 ℃
Вечером22.5 ℃
Ночью17.85 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.08 м/с