Каспий қашып бара ма? Ақтауда кемелер қайраңдап жатыр

Ақтау порты арқылы Әзербайжан, Ресей, Иран және Түрікменстан елдеріне мұнай, астық, метал, басқа да жүктер мен контейнерлік жүктер тасымалданады.

Сурет: check-point.kz

Каспий теңізінің деңгейі төмендеп жатыр. Соның салдарынан Ақтау портында кемелер мен танкерлердің түбі тиіп қалуда. Бұл туралы Ақтау халақыаралық теңіз сауда портының бөлім бастығы Ерболат Тілепиев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Құрғақ жүк кемесінің жүк көтергіші 6500 тонна болса, қазір 5500 тоннаға дейін жүк тиеліп жатыр. Себебі 6 мың тонна жүктесе, асты тиіп қалады. Жыл соңына дейін тереңдету жұмыстарын жүргізбесек, теңіз деңгейі одан әрі төмендей берсе, кемемен тасымалдау тиімсіз болмақ»,—деді ол.

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, мамыр айынан бастап Ақтау портының акваториясы тереңдетіледі. Теңіз түбін 1,5 метрге дейін қазып, тереңдігін 7,5 метрден асыру көзделген.

Айта кетейік, Ақтау порты арқылы Әзербайжан, Ресей, Иран және Түрікменстан елдеріне мұнай, астық, метал, басқа да жүктер мен контейнерлік жүктер тасымалданады.

Бұған дейін теңіздегі экологиялық апат мәселесін көтерген едік. Маңғыстаулық эколог Орынбасар Тоғжанов «Адырна» тілшісіне берген сұқбатында Каспий теңізінің төмендеу үрдісі жиілеп, рекорд деңгейіне жеткенін мәлімдеген болатын.  

adyrna.kz 

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-19
Утром10.54 ℃
Днем14.06 ℃
Вечером15.89 ℃
Ночью12.3 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра7.68 м/с
2026-04-20
Утром9.49 ℃
Днем13.06 ℃
Вечером13.8 ℃
Ночью11.27 ℃
Влажность69 %
ДавлениеhPa 1005
Скорость ветра6.65 м/с