Қазақстанда 50-ден астам дрон шегірткеге қарсы күрес шараларына жұмылдырылды

Химиялық өңдеуге арналған агродрондар Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында қолданылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінен

50-ден астам дрон шегіртке зиянкестеріне қарсы күреске жұмылдырылды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Министрліктің мәліметінше, былтыр Қазақстанда үйірлі шегіртке 2,5 млн гектар аумақты қамтиды деп болжанған. Алайда күрес шаралары нақты түрде 3,1 млн гектар жерді қамтыды. Химиялық өңдеулер барысында 423 бүріккіш техникасы қолданылды.

«Пестицидтер мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу кезінде 694 млн теңге көлемінде үнемделген бюджет қаражаты есебінен 7 барлау дроны, 46 химиялық өңдеуге арналған дрон және 68 автокөлік сатып алынды. Түркістан және Жамбыл облыстарында шегіртке ошақтарын анықтауда барлау дрондары жоғары тиімділікті көрсетті», – деп хабарлады агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті.

Химиялық өңдеуге арналған агродрондар Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында, сонымен қатар Абай және Жетісу облыстарында қолданылады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркістан және Жамбыл облыстарында дрондармен мың гектардан астам жер өңделді. Қолданылатын технология қысқа мерзімде және жоғары дәлдікпен жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-12
Утром17.99 ℃
Днем24.82 ℃
Вечером21.64 ℃
Ночью19.63 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра6.43 м/с
2026-06-13
Утром16.47 ℃
Днем24.1 ℃
Вечером22.55 ℃
Ночью18.96 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра5.43 м/с