Қазақстандықтар барған сайын көбірек несие алып жатыр

Бір ай ішінде жеке тұлғаларға берілген несиелердің жалпы сомасы 21,4 триллион теңгеге жетті. Негізгі өсім тұтынушылық несиелерде байқалады – олардың көлемі 1,9%-ға артып, 14,4 триллион теңге болды.

Ulysmedia

2025 жылғы наурыз айында Қазақстан банктері халыққа көбірек несие берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, ақпанмен салыстырғанда берілген несиелер саны 1,3%-ға өскен. Бір ай ішінде жеке тұлғаларға берілген несиелердің жалпы сомасы 21,4 триллион теңгеге жетті. Негізгі өсім тұтынушылық несиелерде байқалады – олардың көлемі 1,9%-ға артып, 14,4 триллион теңге болды.

Агенттік несие қаражатының құны да өскенін атап өтті. Ұлттық валютадағы несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі 19,7% болды, бұл ақпанмен салыстырғанда 1,1 пайыздық тармаққа жоғары. Әсіресе тұтынушылық несиелер айтарлықтай қымбаттаған – олардың мөлшерлемесі 19,1%-дан 20,4%-ға дейін өсті.

Несие белсенділігінің артуына қарамастан, банктердің несие портфелінің сапасы тұрақты болып отыр. 1 сәуірдегі жағдай бойынша 90 күннен аса мерзімі кешіктірілген проблемалық несиелердің (NPL90+) үлесі жалпы портфельдің 3,4%-ын құрады, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда небәрі 0,1 пайыздық тармаққа көп. Ақпанда бұл көрсеткіш 3,3% болған.

Халыққа берілген несиелер бойынша мерзімі кешіктірілген қарыз деңгейі 4,2%-ға жетіп, 894 миллиард теңгеге тең болды. Бизнес-сегменттегі кешіктірілген қарыздар көлемі 2,3% немесе 338 миллиард теңге болды. Бұл қарыздардың провизиялармен (қамтамасыз ету қорымен) жабылу деңгейі іс жүзінде өзгерген жоқ — жыл басындағы 67,0%-дан 67,1%-ға өскен.

Сонымен қатар 2025 жылдың бірінші тоқсанында банк секторы қаржылық нәтижелердің өсуін көрсетті. Үш айда қазақстандық банктердің жиынтық таза пайдасы 664 миллиард теңгеге жетіп, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16,6%-ға артты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-13
Утром10.54 ℃
Днем18.84 ℃
Вечером18.99 ℃
Ночью18.16 ℃
Влажность70 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.07 м/с
2026-04-14
Утром13.97 ℃
Днем16.23 ℃
Вечером17.96 ℃
Ночью13.11 ℃
Влажность64 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра6.86 м/с