БҚО-да қазақ киносының онкүндігі өтіп жатыр

Биыл 2 мамырда Батыс Қазақстан облысында қазақ киносының онкүндігі басталды. Іс-шара аясында БҚО тұрғындарына отандық киноның үздік туындылары мен қазақстандық режиссерлердің жұмыстары ұсынылды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қазақтың қайсар қыздары Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанованың туған жерінде «Қара қыз» көркем фильмінің көрсетілімі өтті. Режиссер Талғат Теменовтың фильмі соғыс жылдарының шындығымен қатар қан майдан ортасында жанкешті ерлік көрсеткен батырларымыз бен тылда жүріп қыруар еңбек еткен азаматтардың адами құндылықтарын баяндайды. 

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Іс-шара аясында түрлі жанрдағы 14 фильм көрсетіледі. Атап айтсақ, «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан» фильмдері арқылы көрнекті тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын көруге болады. Ал «Бауырына салу» деп аталатын кинода қазақтың дәстүрі анық көрсетіледі. Кішкентай көрерменге «Тайқазан» деп аталатын анимациялық туынды ұсынылады. Фильм көрсетілімдерінің арнайы кестесі жасалып, тек облыс орталығында ғана емес, аудандар мен ауылдарда да көрсетіледі.

Фото: БҚО әкімдігі

Бұған дейін Қазақ киносының онкүндігі Қарағанды облысында өтіп, кейін Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасты. Алдағы уақытта бұл бастама еліміздің басқа қалалары мен ауылдық жерлерінде де ұйымдастырылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-18
Утром18.99 ℃
Днем27.01 ℃
Вечером28.83 ℃
Ночью23.33 ℃
Влажность30 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра9.89 м/с
2026-05-19
Утром19.76 ℃
Днем28.39 ℃
Вечером27.63 ℃
Ночью21.3 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра10.12 м/с