Батыс Қазақстанда сот шешімімен жер дауына нүкте қойылды

Батыс Қазақстан облысында Б. деген тұрғын талап арызбен апелляциялық сот алқасына жүгінген.

Ашық дереккөзден

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, аталған тұрғын өз учаскесінің шекараларын бірінші болып үйлестірген іргелес меншік иесі Ш-дан заңсыз басып алған жерін үш жылдан астам уақыт бойы қайтара алмаған.

Облыс соттарына жүгінгенімен, мемлекеттік акт бойынша нақты аумақ пен өлшемнің сәйкес келмеуіне байланысты талапкерге учаскені үйлестіруден бас тартылған. Соттар мерзімін өткізіп алғандықтан және даудың соттылығының жоқтығына байланысты оның талаптары бірнеше рет қайтарылған.

Талапкер әкімшілік сотқа талап арызбен жүгініп, коммерциялық емес акционерлік қоғамның Ш-ға жер телімін келісу бойынша әрекетін заңсыз деп тануды сұраған. Алайда БҚО мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 20 қарашадағы шешімімен талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылды.

Тек апелляциялық сот алқасының биылғы 15 ақпандағы ұйғарымымен ғана сот шешімі бұзылып, талапкердің талаптары қанағаттандырылды.

Сот талқысында анықталғанындай, әкімшілік орган талапкерге учаскесін үйлестіруге рұқсат беруден бас тартқан, себебі жер телімінің ауданы мемлекеттік актіде көрсетілгеннен аз. Сот бұл жағдай жауапкердің өзінің кінәсінен болғанын анықтады. Ол көршінің учаскесін келісу кезінде талапкердің құқық белгілейтін құжаттарын тексермей, келісімді тек Ш-ның мүддесі үшін жүргізген.

Жауапкердің айтуынша, талапкер өз аумағын бірінші болып үйлестірген Ш-ның учаскесінің шекарасына сәйкес келтіру үшін өз учаскесінің конфигурациясын өзгертіп, оның нақты ауданын азайтуы керек болған.

Сот әкімшілік органның бұл ұстанымын заңсыз және талапкердің құқығын тікелей бұзады деп бағалады.

Істі апелляциялық сатыда қарау барысында тараптарға дауды бейбіт жолмен шешу бірнеше рет ұсынылды. Көршілер арасындағы дау бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқанымен, бұл екі учаскені қайта келісу арқылы шешуге болатын еді. Әйтсе де, Ш. татуласудан бас тартты.

-Соттың пікірінше, талапкердің өз аумағын заң куәландыратын құжаттарға сәйкес үйлестіруге құқығы бар, бірақ бұл көрші Ш. учаскесінің шекарасын қайта қараусыз мүмкін емес. Сондықтан жауапкердің Ш-ның учаскесін үйлестіруі заңсыз деп танылды. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы заңды күшіне енді, — деп хабарлады ведомстводан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-19
Утром-12.27 ℃
Днем-7.77 ℃
Вечером-7.32 ℃
Ночью-7.96 ℃
Влажность77 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.73 м/с
2026-02-20
Утром-5.16 ℃
Днем-2.31 ℃
Вечером-4.47 ℃
Ночью-7.64 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра8.73 м/с