Қазақстанға лифтілерді жаңғырту бойынша арнайы бағдарлама қажет пе? Үкімет жауабы

2019 жылдан бастап елде 1728 лифт ауыстырылған.

Сурет: lift-press.ru

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Сенат депутаттардың сұрағына орай, Қазақстандағы лифт шаруашылығына қатысты мәселелер бойынша жауап берді. 
Премьер-министрдің дерегінше, бүгінде тұрғын үй қорында пайдалану мерзімі 25 жылдан асып кеткен 4144 лифт бар, оның 3195-і күрделі жөндеуді қажет етеді. Ал 2019 жылдан бері 1728 лифт ауыстырылған. 
Лифтілердің басым бөлігі күрделі жөндеуді қажет ететініне қарамастан, Олжас Бектеновтің пікірінше, Қазақстанға лифтілерді жаңғырту бойынша жеке бағдарлама қажет емес. Айта кетейік, мұндай ұсынысты сенаторлар көтерген болатын. 

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына және Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібіне сәйкес өңірлерге лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды қоса алғанда, күрделі жөндеу жүргізуге бюджеттік кредиттер (7 жылдан 15 жылға дейін 0,1 %-бен) беріледі. 2025 жылға кондоминиумдер объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 20,7 млрд теңге сомасына бюджеттік өтінімдер (363 КЖТ күрделі жөндеу, оның ішінде 248 лифтіні ауыстыру) берілді», – делінген премьер-министрдің жауабында. 

Олжас Бектенов 2024 жылы заңды тұлғаларға өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында аттестаттар беру рәсімдері қатаңдатылғанын да еске салды. 

Дереккөз: informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-06
Утром-1.2 ℃
Днем-0.82 ℃
Вечером0.24 ℃
Ночью-0.1 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.34 м/с
2026-03-07
Утром-3.33 ℃
Днем-5.7 ℃
Вечером-9.13 ℃
Ночью-12.67 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.69 м/с