Батыс Қазақстанда 600-ге жуық адамды ит қапты

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 702 қаңғыбас ит ауланды.

Фото: pixabay.com

БҚО ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Нұрқайыр Құсайыновтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның 340-ы стерилизациялаудан өткізіліп, мекендеу ортасына кері жіберілді. 362 қаңғыбас ит тұрғындардың өтініші негізінде жансыздандырылды.

Нұрқайыр Ғайноллаұлының сөзіне қарағанда, биыл қаңғыбас жануарларды аулау және стерилизациялау жұмыстарына облыстық бюджеттен 73,3 млн теңге бөлінді.

— Өткен жылы бұл мақсатқа 68,2 млн теңге жұмсалды. 6 925 қаңғыбас иттің 3 885-і стерилизациялаудан кейін ортасына қайтарылды. 3 040-ы жансыздандырылды, — деді басқарма басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, облыс бойынша қаңғыбас үй жануарларын уақытша ұстауға арналған 19 панажай болса, соның 12-сі ветеринариялық станцияларға тиесілі. Алдағы уақытта облыстық бюджет есебінен Орал қаласына қарасты Круглоозерный кентінде сыйымдылығы 350 орындық жануарларды уақытша ұстау пунктін ашу ойластырылуда. Қазіргі кезде бұл жоба бойынша тиісті келісімдер алынып, жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға қаржы қарастырылған. 

— Өңірде қаңғыбас иттердің көбейіп кетуі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай тұрғындар, мекеме-ұйымдардан арыз-шағым көп түседі. Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша биылғы төрт айда 584 адамды ит қапқан. Соның 396-сы қаңғыбас иттерден жапа шеккен. 406-сы Орал қаласының үлесіне тиеді. Өткен жылы 1 902 адам итке қабылған (1 341-ін қаңғыбас ит тістеген), — деді Н.Құсайынов.

kaz.inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-19
Утром-12.87 ℃
Днем-9.13 ℃
Вечером-10.61 ℃
Ночью-11.03 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1031
Скорость ветра4.29 м/с
2026-01-20
Утром-11.88 ℃
Днем-8.96 ℃
Вечером-8.41 ℃
Ночью-9.17 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра2.82 м/с