Батыстағы үш облыста «Бекіре – 2025» акциясы жалғасуда
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Серік Сермағамбетовтің айтуынша, балық қорғау акциясы 31 мамырға дейін жалғасады. Кеңауқымды акцияны өткізуге 1466 қызметкер қатысады. Оның ішінде Атырау облысында 604, Батыс Қазақстанда – 222, ал Маңғыстау өңірінде 640 қызметкер су айдындарын қадағалалайды. Сондай-ақ 298 автокөлік, 84 қайық пен шағын көлемді кеме, 6 ұшу аппаратын тарту көзделген.

Бұл бастама Жайық-Каспий бассейніндегі бекіре және басқа да балық түрлерін сақтау мен олардың уылдырық шашу жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.
1 сәуір — 1 мамыр 2025 жыл аралығында:
- 593 экологиялық заң бұзушылық анықталды және тоқтатылды
- 445 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
- 19 қылмыстық іс қозғалды (браконьерлік және сирек кездесетін балық түрлерінің заңсыз айналымы)
- 2 770 кг балық, оның ішінде 582 кг бекіре, 2 кг қара уылдырық, 128 аулау құралдары және 6 су көлігі тәркіленді
- Күнделікті тралдау кезінде 379 тыйым салынған аулау құралдары су қоймаларынан алынды
- Браконьерлерге 10,9 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.
Операция 2025 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.
