500 мың теңгеден астам ақша аударсаңыз, күдікке ілігесіз

Мұндай аударымдар «қаржыны жылыстату» және «терроризмді қаржыландыру» қаупі бар деп саналады.

Фото: Pixabay

Қазақстанда енді шетелге 500 мың теңгеден, яғни шамамен 1000 доллардан көп ақша аударған азаматтардың транзакциялары ерекше бақылауға алынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы «Мың теңге» телеграм арнасына сілтеме жасап.

Неге? Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі алаяқтықпен, қаржылық пирамидалармен және интернет-алаяқтармен күресті күшейтуді қолға алуда. Мұндай аударымдар «қаржыны жылыстату» және «терроризмді қаржыландыру» қаупі бар деп саналады.

Кімдер күдікке ілігеді?

— Шетелде 500 мың теңгеден астам сауда жасағандар.

— Шетелге 500 мың теңгеден артық ақша аударғандар.

— Жасөспірімдер (14-25 жас) трансшекаралық аударымдар жасағандар.

— Әртүрлі банктен бірнеше карточкасы бар азаматтар.

— Интернет арқылы қомақты сомада тауар сатып алғандар.

Банктер не істейді?

— Күдікті аударымдарды қосымша тексеріп, уақытша бұғаттауы мүмкін.

— Клиенттен ақшаның қайда жұмсалғанын дәлелдеуді талап етуі ықтимал.

— Екі факторлы сәйкестендіру (биометрия) талап етіледі.

Сіз не істеуіңіз керек? Ақша аударымдарыңызды жоспарлап, құжаттарыңызды дайындаңыз. Банк қосымшасында қауіпсіздікті күшейтіңіз. Қаржылық операцияларыңызды түсінікті және заңды түрде жүргізіңіз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-10
Утром7.71 ℃
Днем16.58 ℃
Вечером15.12 ℃
Ночью10.07 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.94 м/с
2026-05-11
Утром7.93 ℃
Днем15.52 ℃
Вечером16.97 ℃
Ночью11.82 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра7.31 м/с