«Күрт артты». Қазақстандықтар зейнетақыға жиналған ақшасын шешіп жатыр

Ай ішінде 42,8 мыңнан астам өтініш орындалған. Бұл наурызбен салыстырғанда 83%-ға көп, ал алдыңғы 9 айдағы орташа деңгейден 92%-ға артық.

Сурет: ulysmedia.kz

Сәуір айында қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) қаражатын емдеу мақсатында бұрынғыға қарағанда белсендірек пайдалана бастады, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.

Ай ішінде 42,8 мыңнан астам өтініш орындалған. Бұл наурызбен салыстырғанда 83%-ға көп, ал алдыңғы 9 айдағы орташа деңгейден 92%-ға артық. Бұл көрсеткіштер зейнетақы ақшасын шешіп алуға деген қызығушылық қайта жанданғанын аңғартады.

Сома да өсті, бірақ бір өтінішке шаққандағы орташа мөлшер төмендеді. Емделуге шешіп алынған қаражаттың жалпы көлемі сәуір айында 38,3 млрд теңгеге жетті. Бұл – наурызбен салыстырғанда 59%-ға және соңғы 9 айдың орташа деңгейінен 70%-ға жоғары. Дегенмен, бір өтінішке шаққандағы орташа сома 894 мың теңге шамасында қалыптасып, 2023 жылдың басынан бері ең төменгі деңгейге түсті.

Өтініштің көбі – тіс емдеуге

Дәстүрге сай, зейнетақыдан емге қаражат шешіп алудың негізгі бөлігі стоматологиялық қызметтерге төлем жасау үшін жұмсалады. Осы бағыттағы ережелерге сәуір айында өзгерістер енгізілді. Енді тіс емдеуге зейнетақы ақшасын пайдалану үшін емделуге дейін және емделу кезінде жасалған рентген-суреттерді ұсыну міндетті. Бұл талаптар сәуірдің ортасында заңды күшіне енген бұйрықпен бекітіліп, ай соңында күшіне енді. Демек, сәуірдің көп бөлігінде ескі ережелер қолданылған.

Ал тұрғын үй мақсатында қанша қаражат шешіп алынды?

Сәуірде тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін БЖЗҚ қаражатын пайдалану бойынша 67,2 мың өтініш орындалған. Бұл наурызбен салыстырғанда 44%-ға көп. Жалпы сома 42,6 млрд теңгені құраса да, өсім біршама баяу – 23%-ға ғана артқан.

Орташа алғанда, бір өтінішке шаққандағы сома 633,5 мың теңге болды. Бұл көрсеткіш те соңғы бір жыл ішіндегі ең төмен деңгейге жақын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-14
Утром-6.91 ℃
Днем-4.55 ℃
Вечером-8.01 ℃
Ночью-7.39 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра5.18 м/с
2026-02-15
Утром-3.74 ℃
Днем-0.59 ℃
Вечером1.36 ℃
Ночью1.31 ℃
Влажность96 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.38 м/с