ҰОС: Елімізде 105 ардагер бар

Соғыс кезінде майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да әскери бөлімдер құрылды.

Ашық дереккөзден

Елімізде ҰОС 105 ардагері және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске үлес қосқан басқа санаттағы 40 707 азамат тұрады, деп хабарлайды baq.kz тілшісі.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Соғыс кезінде майданға 1 млн 200 мыңнан астам қазақстандық шақырылды, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да әскери бөлімдер құрылды. Жауынгерлік еңбегі үшін жүздеген мың қазақстандық медальдармен және ордендермен марапатталды, 500-ге жуық адам Кеңес Одағының Батыры атанды. Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының батыры атанды. 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды, — деп атап өтті ведомство өкілі.

Қолына қару алған әрбір екінші қазақстандық Жеңіс үшін басын құрбандыққа тіккені белгілі.

Олардың бірқатары ұрыста қаза тапты, жараланып, аурудан қайтыс болды, хабар-ошарсыз кетті. Тұтқыннан 630 мың адам оралмады. Сондай-ақ Жеңістің жақындауына тыл еңбеккерлері баға жетпес үлес қосты, олар майданға қажеттінің бәрін қамтамасыз ету үшін бар күштерін берді. 80 жыл бойы ардагерлерге қамқорлық жасау, олардың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болып саналады, — деді Олжас Анафин.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-19
Утром-12.27 ℃
Днем-7.77 ℃
Вечером-7.32 ℃
Ночью-7.96 ℃
Влажность77 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра8.73 м/с
2026-02-20
Утром-5.16 ℃
Днем-2.31 ℃
Вечером-4.47 ℃
Ночью-7.64 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра8.73 м/с