Қазақстанда самокатшыларға қатысты жаңа заң енгізу ұсынылды

Сондай-ақ Қазақстанда кәмелетке толмағандар үшін электрсамокаттармен жүруге қатысты ережелер енгізілуі мүмкін. 

Көрнекі сурет

Қазақстанда электросамокаттарға қатысты ережелер қатаңдатылуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сенат депутаты Марат Қожаев қолданыстағы заң қабылданғанымен, дұрыс жұмыс істемейтінін айтты.

«Біз заң қабылдадық, қазір қол қойылды және күшіне енген болуы керек. Бірақ бізде құқықты қолдану тәжірибесінде проблемалар бар. Маусым басталды, күн жылыды, біз тағы да сол жағдайды көріп отырмыз», – деді Қожаев.

Тұрғындар жылдамдықты асырып, екі-екіден мініп, самокатын кез келген жерге тастап кететіндерге шағымданады.

«Арнайы инфрақұрылым болмаған кезде самокаттардың қалай жүруі керек екенін анықтап, заң қабылданды. Біз оны қабылдауға мәжбүр болдық. Ішкі істер министрлігі, ішкі істер министрінің орынбасары қазір реттеудің басқа жолдарын іздестіріп жатыр. Соның ішінде халықаралық тәжірибені де зерделеп отыр», – деді ол.

Қожаев мәселе нақты ережелер мен инфрақұрылымның жоқтығында екенін атап өтті. Самокат – көліктің жаңа түрі, алайда заң әлі толық реттемеген.

«Бұл жерде мәселе соншалықты анық емес. Бұл – жаңа көліктер. Әрине, біздің заңда шектеуші функциялар қарастырылмаған», – деді ол.

Сондай-ақ Қазақстанда кәмелетке толмағандар үшін электрсамокаттармен жүруге қатысты ережелер енгізілуі мүмкін. Қожаев мұндай көлік құралын пайдалануға рұқсат етілетін жасты, қандай жылдамдықпен жүруге болатынын және оларды қалай пайдалану керек екенін нақтылап, тепе-теңдік табу қажет екенін айтты.

Қожаевтың айтуынша, ең жақсы заңдардың өзі халық дайын болмаса, нәтиже бермейді.

«Бүгінде қандай әдемі заңдар жазсақ та, егер адамдар оларды сақтауға менталды түрде дайын болмаса, бұл талаптар бұзылады», — дейді Қожаев.

Мопедтерді тіркеу, нөмірлер мен лицензиялар қазірдің өзінде енгізілген. Ендігі кезекте – электр қозғалтқышы бар самокаттар мен велосипедтер.

Билік самокаттардан болатын қауіптерді азайту үшін заңды қайта қарауды жоспарлап отыр. Әзірге полицейлер заңбұзушылықтарды жоюға тырысып жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-11
Утром-22.68 ℃
Днем-14.52 ℃
Вечером-18.39 ℃
Ночью-21.17 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра3.17 м/с
2026-02-12
Утром-17.93 ℃
Днем-12.12 ℃
Вечером-14.1 ℃
Ночью-13 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра5.53 м/с