Қазақстандықтар дәрігерге бармай-ақ дәрі-дәрмекке рецепт ала алады

Созылмалы аурулары бар науқастарға рецепт алу үшін дәрігерге бармай-ақ, медбикеге жүгіну жеткілікті.

Көрнекі сурет

Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев мәжіліс депутаттарының сауалына жауап ретінде Қазақстанда орта медициналық қызметкерлерге дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілер рецептін жазуға рұқсат беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі хабарлайды.

Ермек Көшербаевтың айтуынша, 2023 жылдың шілдесінен бастап диспансерлік есепте тұрған пациенттерге үш айға дейінгі мерзімге рецепт жазуға мүмкіндік берілген. Емханаларда дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар QR-код, SMS код немесе қағаз түрінде беріледі. Бүгінде бұл жүйе 744 медициналық ұйымды қамтитын «Әлеуметтік әмиян» жобасы арқылы жүзеге асырылып отыр.

«Қазір министрлік дәрігердің тағайындауы болған жағдайда дәрілік заттарға рецепттерді орта медицина қызметкерлерінің жазу мәселесін пысықтап жатыр. Яғни созылмалы аурулары бар науқастарға рецепт алу үшін дәрігерге бармай-ақ, медбикеге жүгіну жеткілікті болады», – деді Көшербаев.

Сонымен қатар ол денсаулық сақтау министрлігі сатып алынатын дәрі-дәрмектер тізімін қайта қарағанын атап өтті. Өндірістен алынған дәрілер тізімнен шығарылып, олардың орнына жаңа инновациялық препараттар енгізілген. Қазір бұл бұйрық жобасы мемлекеттік органдарда келісу сатысында тұр. Жаңартылған тізімге 19 дәрі енгізіліп, 172 дәрілік зат пен медициналық бұйым алып тасталды.

2025 жылдың сәуірінде амбулаториялық қамтамасыз ету тізімінен өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтін 32 ауру түрі (нозология) шығарылды. Қазір министрлік 12 әлеуметтік маңызы бар ауруды ТМККК (Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) пакетінен МӘМС (Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) жүйесіне көшіру бойынша өзгерістер әзірледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-06
Утром-1.2 ℃
Днем0.06 ℃
Вечером0.2 ℃
Ночью0.23 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра4.34 м/с
2026-03-07
Утром-2.54 ℃
Днем-5.51 ℃
Вечером-8.94 ℃
Ночью-12.43 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1020
Скорость ветра4.95 м/с