Балаларды бейімдеу орталықтарында ұстау ережесі бекітілді

Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 29 сәуірдегі бұйрықпен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарында кәмелетке толмағандарды ұстау қағидалары мен шарттарын бекітті.

Ашық дереккөзден

Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарына: 

  • жетім балалар;
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – ата-анасының ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кетті деп танылуына, қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балалар;
  • арнайы білім беру ұйымдарына жіберілетін балалар;
  • әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балалар қабылданады. 

Кәмелетке толмағандарды орталықтарға (орталықтардан) орналастыру, ауыстыру және шығару жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Орталықтарда күнтізбелік жыл ішінде арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына және өзге де заңды өкілдеріне әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық қызметтер түрінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Бұйрық 2025 жылғы 19 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

zakon.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-17
Утром18.75 ℃
Днем24.59 ℃
Вечером21.06 ℃
Ночью15.08 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра5.89 м/с
2025-06-18
Утром15.64 ℃
Днем23.02 ℃
Вечером21.83 ℃
Ночью16.38 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра5.9 м/с