«Бюджеттің 5 млрд теңгесі бекер жұмсалып отыр»: Депутат министрдің баяндамасын сынады

Қазталов ауданында біз Ресейден су алып отырмыз, бірақ сол су Жалпақталдан өтіп, құмға сіңіп кетеді.

Ашық дереккөзден

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Қазақстанның су проблемасын көтеріп, Батыс Қазақстандағы су жетіспеушілігі мен тиімсіз су пайдалану мәселесін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бұл мәселені шешу үшін екі су қоймасының құрылысын бастау жоспарын бөлісті.

«Сіздің есебіңізде Қазақстандағы су мәселесі жайлы. өте жақсы айтылған, бірақ өмірде жағдай басқа. Қазталов ауданында біз Ресейден су алып отырмыз, бірақ сол су Жалпақталдан өтіп, құмға сіңіп кетеді. Осылайша жыл сайын бюджеттің 5 миллиард теңгесі бекерге жұмсалып отыр. Жалпақталда су қоймасын салу жобасы 10 жыл бұрын басталған, бірақ әлі аяқталмады. Мәселені қашан шешеміз?» – деп сұрады депутат Ерлан Саиров министрден.

Шартты сурет

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өз жауабында мәселенің шешімін ұсынды. Министрдің айтуынша, Батыс Қазақстанда екі жаңа су қоймасының құрылысы басталмақ. Бұл жобалар Ресейден алынатын судың көлемін қысқартуға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

«Дұрыс айтасыз, Батыс Қазақстандағы су мәселесін шешу үшін екі су қоймасын салу қажет. Біз жыл сайын Ресейден 350 миллион текше метр су аламыз. Бұл жобаның экологиялық әсері бар және су жерге кеткенмен, ол өзіміздің Батыс Қазақстанға қайтып келеді. Сондықтан тиімсіз қаражат бөлеміз деп айтуға болмайды», – деп жауап берді министр.

Ulysmedia.kz коллажы

Жобалар іске асырылған жағдайда, бұл мәселені шешуге және аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға үлкен әсер етеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-15
Утром-4.53 ℃
Днем-1.67 ℃
Вечером1.12 ℃
Ночью1 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.89 м/с
2026-02-16
Утром0.85 ℃
Днем0.72 ℃
Вечером0.38 ℃
Ночью1.48 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.58 м/с