Ақша жинауға, сыйлық беруге тыйым салынды

Еліміздің мектептерінде 2024–2025 оқу жылының соңына қарай өтетін «Соңғы қоңырау» рәсімі мен басқа да мектепішілік іс-шараларға қатысты жаңа талаптар енгізілді. 

Оқу-ағарту министрлігі мектептерде ақша жинауға және мұғалімдерге сыйлық беруге қатаң тыйым салды. Бұл шешім ата-аналардың қаржылық жүктемесін азайтып, білім беру мекемелерінде тәртіп пен әділдік орнатуға бағытталған, деп жазады ozgeris.info.

Тыйымдардың негізгі талаптары

1. Сыйлықсыз соңғы қоңырау: Мұғалімдерге сыйлық беру, ақшалай алғыс көрсетуге рұқсат жоқ. Оқушылар ұстаздарға тек ауызша алғыс білдіріп немесе алғыс хаттар табыстай алады.
2. Ақша жинауға шектеу: Мектеп ішінде жөндеу, тазалық жұмыстарына немесе басқа қажеттіліктерге орай ата-аналардан ақша жинауға тыйым салынады.
3. Әлеуметтік теңдік: Барлық оқушыларға тең жағдай жасау мақсатында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың құқықтары қорғалады. Материалдық жағдайына байланысты ешбір оқушы кемсітілмеуі тиіс.
4. Қауіпсіздік шаралары: Соңғы қоңырау іс-шарасына тек оқушының бір заңды өкілі ғана қатыса алады. Мектеп ішінде мейрамханаға бару, автокөлік шерулерін ұйымдастыруға рұқсат жоқ.
5. Салтанатты шараның форматы: Мектептерде соңғы қоңырау «Білімім – Отаным» тақырыбында сынып сағаты форматында өтеді. Бұл білім беру мекемелерінде тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Талаптарды бұзғандарға жауапкершілік қарастырылған. Оқу-ағарту министрлігі жаңа талаптардың орындалуын қатаң бақылауға алады. Егер мектептерде ақша жинау немесе сыйлық беру фактілері анықталса, мектеп әкімшілігіне тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-21
Утром3.44 ℃
Днем8.69 ℃
Вечером10.14 ℃
Ночью5.45 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.36 м/с
2026-04-22
Утром2.89 ℃
Днем8.93 ℃
Вечером12.24 ℃
Ночью8.58 ℃
Влажность58 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра6.32 м/с