БҚО-да екі су қоймасын салу жоспарлануда

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысындағы «Киров» су қоймасын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр.

Ашық дереккөзден

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәжілісте 2025 және 2027 жылдары Қараөзен мен Сарыөзенде су қоймаларын салуды бастауды жоспарлап отырғанын хабарлады.

— Жыл сайын Ресейден су алу үшін біз шарт жасасамыз, қаржы бөлеміз және күтеміз. Бүгінгі күні басқа шешім жоқ. Біз сыйымдылығы 50-60 миллион текше метр болатын екі су қоймасын саламыз. Ал жылына біз Ресейден 350 миллион текше метр су аламыз. Біз жергілікті халықты сумен қамтамасыз етуге міндеттіміз, — деді Нұржан Нұржігітов.

Министрдің айтуынша, 2025 жылы су шаруашылығы саласында жалпы құны 184 млрд теңге болатын 138 жобаны іске асыру жоспарланған. Олардың ішінде 31 жоба Ақмола, Атырау, Алматы, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында су шаруашылығы нысандарын салу және қайта жаңғыртуға бағытталған. Бұл мақсаттарға 2025 жылы 71 млрд теңге бөлінеді.

«Бүгінде Ислам Даму Банкінің директорлар кеңесінің жалпы сомасы 2,7 млрд долларға қарыз және грант беру туралы мақұлдауы бар. Жоба екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде 2025 жылы төрт жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Олардың үшеуі – Ақмола, Қалғұты және Қараөзек – оңтүстік өңірлерде орналасып, 22,5 мың гектар жаңа суармалы жерлерді сумен қамтамасыз етуге бағытталған. Төртінші су қоймасы – Батыс Қазақстан облысындағы Үлкен Өзен өзенінде (28 млн м³) – су тасқыны мен еріген суды ұстап тұрып, Қазталов ауданының екі елді мекенін (шамамен 5 мың адам) су басу қаупінен қорғауға арналған»,-деді ол.

Екінші кезең 2027 жылдан бастап жүзеге асырылады және 25 жобаны қамтиды, оның ішінде 13 су қоймасын салу және 11-ін қайта жаңғырту жоспарланған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-10
Утром19.39 ℃
Днем25.69 ℃
Вечером28.09 ℃
Ночью20.97 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра7.92 м/с
2026-08-11
Утром14.84 ℃
Днем25.08 ℃
Вечером26.67 ℃
Ночью19.7 ℃
Влажность29 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.83 м/с