Дәрігер жас отбасылар жіберетін 5 қателікті атады

Денсаулық – кейін емес, алдын ала тексеретін құндылық. Ата-ана болуға шешім қабылдаған әр жас отбасы алдын ала тексеріліп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тиіс!

Ашық дереккөзден

Жас отбасылар жүктілікті алдын ала жоспарламай, дәрігерге кеш жүгінеді. Бұл ана мен бала өміріне қауіп төндіреді. Акушер-гинеколог Айтолқын Әшірбекова жүктілікке дайындық кезінде жиі жіберілетін қателіктерді атады, деп хабарлайды baq.kz.

-Айтолкын Мұзаппарқызы, прегравидарлық дайындық дегеніміз не? Бұл кезең не үшін қажет?

Прегравидарлық дайындық – бұл жүктілікті жоспарлауға арналған медициналық тексеру кезеңі. Яғни, ерлі-зайыптылар емханасына тіркеліп, арнайы тексеруден өте алады. Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен протоколға сай, бұл кезеңде толыққанды медициналық тексерулерден өтеді. Негізгі мақсат – түсік, мерзімінен бұрын босану, баладағы даму ақаулары сияқты асқынулардың алдын алу және жүктіліктің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету.

-Қазіргі жастар арасында қандай қателіктер жиі кездеседі?

-Жалпы жастар арасында жиі кездесетін бес негізгі қателік бар:
1. Медициналық тексеруден өтпеу. Гинеколог, уролог, терапевтке баруды ұят көреді.
2. Жүктілікті жоспарламау. Тек жүкті болғаннан кейін дәрігерге бару кеш болады.
3. Жыныстық сауаттылықтың төмендігі. Гигиена, инфекция, алғашқы қатынас туралы білім жеткіліксіз.
4. Зиянды әдеттерге салғырт қарау. Темекі, ішімдік, фастфудтың зияны ескерілмейді.
5. Тамақтанудың маңызын түсінбеу. Ал бұл фертильділікке тікелей әсер етеді.

-Ата-ана болуды жоспарлағандарға қандай тағамдардан бас тартуға кеңес бересіз?

-Фастфуд, чипсы, тәтті газдалған сусындар, ішімдік, темекі, консервіленген тағамдар, шамадан тыс кофе – бәрі жыныстық гормондарға, сперма мен овуляцияға кері әсер етеді.

— Ал керісінше, денсаулыққа пайдалы тағамдар қандай?

-Ерлерге мырыш, антиоксиданттар, омега-3 майлары, жаңғақ, жұмыртқа, брокколи пайдалы. Ал әйелдерге фолий қышқылы, темір, кальций, омега-3, йодқа бай тағамдарды жеу қажет.

-Қазіргі жас отбасылардың денсаулығы қандай деңгейде?

-Өкінішке қарай, жасы жас болса да, көпшілігінде созылмалы аурулар бар. Жыныстық сауаттылық пен алдын алу мәдениеті өте төмен. Гормондық бұзылыс пен жүйке жүйесіне байланысты шағымдар да жиілеп кетті. Көбі денсаулығын тек жүктілік басталған соң ғана тексереді.

-Сөзіңіздің түйіні қандай болар еді?

-Денсаулық – кейін емес, алдын ала тексеретін құндылық. Ата-ана болуға шешім қабылдаған әр жас отбасы алдын ала тексеріліп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тиіс!

-Уақыт бөліп, пайдалы ақпаратпен бөліскеніңізге рахмет!

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-16
Утром-14.83 ℃
Днем-12.47 ℃
Вечером-12.72 ℃
Ночью-14.57 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.61 м/с
2026-01-17
Утром-17.12 ℃
Днем-15.68 ℃
Вечером-18.85 ℃
Ночью-21.15 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра6.43 м/с