Елімізде халал несие берілетін болды

Егер жоба мақұлданса, отандық банктерге халал несие беру ресми түрде рұқсат етіледі. Халал несие – бұл исламдық қаржы қағидаттарына негізделген несие түрі. Басты айырмашылығы – мұнда пайыз (өсім) жоқ. 

Қазақстанның қаржы нарығында жаңа дәуір басталғалы тұр. Бұрын тек дәстүрлі несие мен пайыздық жүйеге үйренген отандық банктер енді исламдық қағидаттарға сай «халал несие» ұсына бастайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл бағыттағы заң жобаларын көпшілік талқысына шығарды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Егер жоба мақұлданса, отандық банктерге халал несие беру ресми түрде рұқсат етіледі. Халал несие – бұл исламдық қаржы қағидаттарына негізделген несие түрі. Басты айырмашылығы – мұнда пайыз (өсім) жоқ. Исламдық қаржы жүйесі тек адал, әділ сауда мен пайда бөлуді қолдайды. Яғни, банк клиенттің жобасына серіктес болып, ортақ табыс немесе зиянмен бөліседі. Мысалы, банк автокөлік сатып алу үшін қаржы береді және клиентпен бірге сол көлікті жалға береді немесе сатудан пайда көреді.

– Банк жүйесінің тұрақтылығын арттыру мақсатында төлемге қабілетсіз банктерді реттеу жүйесін реформалау және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту қарастырылған, – деп жазылған агенттіктің ақпаратында.

Жаңа заң жобасының тағы бір жаңалығы – тек исламдық банктер ғана емес, дәстүрлі банктер де халал несие өнімдерін ұсына алады. Бұл оларды бір лицензиямен екі бағытта да жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазақстандағы банктер үшін бұл өз клиенттеріне балама қаржы өнімдерін ұсыну мүмкіндігі. Жаңа заң жобасы қаржы институттарындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтеді. Енді өтініштерді қараудың үш деңгейлі жүйесі енгізіледі: банк деңгейінде – мәселені банк өзі шешуге тырысады, Қаржы нарығын реттеу агенттігіне шағым беру және соңғы шешім – сотқа жүгіну. Бұл жүйе клиенттерді алаяқтықтан қорғап, әділдікке кепілдік береді.

Банктер мемлекеттен көмек сұрау үшін ерекше талаптарға сай болуы керек. Тек жүйелік маңызы бар банктерге ғана мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Басқалары нарықтағы өз орны үшін күресуі қажет. Бұл бюджет қаражатының тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Исламдық қаржы тек халал несиемен шектелмейді. Жаңа заң жобасы финтех секторын дамытуға да назар аударады. Яғни, банктер цифрлық шешімдерді кеңінен қолдана отырып, клиенттерге адал қаржы өнімдерін онлайн форматта да ұсына алады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-22
Утром20.71 ℃
Днем29.82 ℃
Вечером29.87 ℃
Ночью26.49 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра3.53 м/с
2026-07-23
Утром24.65 ℃
Днем30.55 ℃
Вечером26.66 ℃
Ночью30 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра7.56 м/с