Оралда зейнеткер әйел сегізінші қабаттан құлап, қаза тапты
Орал қаласында Зачаган кентіндегі көпқабатты үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 5 мамыр күні 67 жастағы әйел сегізінші қабат терезесінен құлап, қаза тапқан.
-Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, — деп хабарлады ведомстводан.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем станциясына сағат 16.42-де қоңырау шалынған. Марқұм жедел жәрдем көлігі келгенге дейін көз жұмды.
