Еліміздің шалғай ауылдарында сапалы фильмдер тегін көрсетілмек

Елімізде үздік отандық фильмдердің онкүндігі басталды. Енді уақыт сынынан өтіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген кинотуындылар көрерменнің алдына өзі барады. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Әділет Омаров Kazinform тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді.

фото: ашық дереккөзден

– Бұл 13 фильмнен тұратын топтама. Бұл жерде анимациялық фильмдерден бастап, деректі, көркем фильмдер ұсынылады. Біз бұл фильмдерді облыстарға тегін береміз. Ал олар барлық қала, аудан, ауыл, шалғай елді мекендерге көрсетіп, бізге есеп беруі керек, – дейді Әділет Омаров.

Атауы «онкүндік» болғанымен, фильмдер жыл бойы көрсетілмек. Отандық кинотуындыларды барлық қала, аудан, ауыл тұрғындары түгелдей тегін көре алады.

– Бұл онкүндік жылдың басында Қарағанды облысында басталған болатын. Содан кейін Жамбыл, СҚО-да болды. Қазір Батыс Қазақстан облысында жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін Қазақстанның барлық өңірлерінде көрсетуді жоспарлап отырмыз, – дейді басқарма қызметкері.

Бұл шараның мақсаты – ел тұрғындарына сапалы фильмдерді көрсету. Солай кино мәдениетін қалыптастырып, ұлттық кинематография саласын дамыту.

– Біздің мақсатымыз – ұлттық құндылықтарымызды насихаттайтын фильмдерімізді бір ауылда бір ғана адам тұрса да, сол кісіге жеткізу. Өздеріңіз білесіздер, бізде кинотеатрлар облыс орталықтары мен қалаларда ғана бар. Ал аудандарда жоқ. Сондықтан біз осы бастаманы қолға алып, бүгінгі ұлттық киноның деңгейін көтеріп, көрерменді кәсіби сапалы фильмдерді көруге тәрбиелеуіміз керек, – дейді Ұлттық киноны қолдау орталығы басқарма төрағасының орынбасары.

Бұл фильмдерді көру үшін қалаға не аудан орталығына барып қажеті жоқ. Егер шалғай елді мекенде тұрсаңыз, 13 фильмнен құралған топтама алдыңызға өзі барады.

– Біз әр облыс әкімдіктерімен байланыстамыз. Олармен бірге кесте құрып, сол кестеге сай әр аудан, ауылдың мәдениет орталықтарында, мектептердегі АКТ залдарында техникалық мүмкіндікке сәйкес көрсетіп жатырмыз. Біз ұсынған фильмдерді көру үшін қалаға келудің қажеті жоқ. Керісінше, біз фильмдерді көрерменнің алдына алып барамыз, – дейді Әділет Омаров.

kaz.inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-14
Утром24.38 ℃
Днем28.19 ℃
Вечером29.14 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.03 м/с
2025-06-15
Утром17.05 ℃
Днем17.16 ℃
Вечером16.52 ℃
Ночью15.02 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.18 м/с