Неліктен субұрқақтарда шомылуға болмайды: Денсаулық сақтау министрлігінің түсіндірмесі

Субұрқақта шомылу суық тиюге ғана емес, сонымен қатар жедел ішек инфекциясына немесе конъюнктивитке әкелуі мүмкін. Ең үлкен қауіп – энтеровирустық және ротавирустық инфекциялар, сондай-ақ А вирустық гепатиті.

«ОА» мұрағатынан

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 2025 жылғы 13 мамырда азаматтар субұрқақтар жайлы не білу керек екендігін айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Санитарлық дәрігерлер субұрқақта шомылуға тыйым салынғанын еске салды.

«Субұрқақтар қаланы абаттандыру элементтері екенін, олардың ауаны ылғалдандыруға арналғанын, бірақ шомылуға арналмағандығын есте сақтау керек. Субұрқақтағы су жиі жаңартылмайды. Осыған байланысты вирустық және паразиттік ауруларды жұқтыру қаупі жоғары. Сондай-ақ, субұрқақта қаңғыбас иттер мен құстар шомылуы мүмкін, тиісінше әртүрлі инфекциялардың тасымалдаушысы бола алады»,- делінген ақпаратта.

korabelov.info

Мамандардың айтуынша, судағы ауа температурасы жоғары болған кезде микроорганизмдер тез көбейеді.

«Сондықтан субұрқақта шомылу суық тиюге ғана емес, сонымен қатар жедел ішек инфекциясына немесе конъюнктивитке әкелуі мүмкін. Ең үлкен қауіп – энтеровирустық және ротавирустық инфекциялар, сондай-ақ А вирустық гепатиті»,- деп ескертті санитарлық дәрігерлер.

Мамандар ересектер мен балалар төмендегідей ұсыныстарды ескеруі қажет екенін айтты:

  • қалалық субұрқақтар шомылуға немесе зат жууға арналмаған;
  • үйден серуендеуге шыққанда, өзіңізбен бірге бір бөтелке су ала шығыңыз – ішу үшін ғана емес, сонымен қатар кез келген уақытта сергіп, қолдарыңызды бен бетіңізді шаю үшін;
  • ауа-райына сәйкес киініңіз, қызыну кету ықтималдығы әлдеқайда төмен болады;
  • шомылу үшін тек рұқсат етілген су объектілері мен бассейндерді пайдаланыңыз;
  • ата-аналар балаларға субұрқақта шомылудың неге қауіпті екенін түсіндіруі керек.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-06-16
Утром17.52 ℃
Днем26.74 ℃
Вечером23.41 ℃
Ночью19.31 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра7.52 м/с
2026-06-17
Утром17.91 ℃
Днем26.2 ℃
Вечером21.74 ℃
Ночью15.71 ℃
Влажность39 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра5.86 м/с