Оралда мекеме бухгалтері бес жылға бас бостандығынан айырылды
Сотталушының өзі кінәні мойындамады және ЖШС-де бухгалтер болып жұмыс істемегенін, тек үш айдың ішінде салық есептерін тапсыруға келгенін мәлімдеді.

Қоғам белсендісі және құқық қорғаушы Бауыржан Закиге «Орал ауылшаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС қызметкерлері жүгінген. Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында жазды. Олар жалақысыз, зейнетақысыз, әлеуметтік және медициналық аударымдарсыз қалдық деп шағымданды.
Мекеменің бухгалтері алаяқтықпен айналысып, кәсіпорынның ақшасын өз шоттарына аударған. 21 сәуірде оған үкім шығарылды.
-Іс материалдарынан сотталушы «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-не жұмысқа қабылдау туралы өтініш пен шартқа қол қоймағаны шығады. Алайда ол іс жүзінде ЖШС-де жұмыс істеді, өйткені директордың ЭЦҚ-на қол жеткізе отырып, ЖШС ақшасын өзінің карточкалық шоттарына аударды. 2023 жылғы 16 қазаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға дейін «Online bank» жүйесі бойынша ЖШС бас бухгалтерінің кабинетінде болған кезде ол өзінің банктік шоттарына 26,8 млн теңге аударған. Бес айлық жұмыс барысында ол 53 аударма жасады. Сомасы әр түрлі — 30 мың теңгеден бес млн теңгеге дейін. Мысалы, 2024 жылдың 8 ақпанында ол 13 миллион теңге аударды, — деді Бауыржан Заки.
Қоғам белсендісінің айтуынша, сотталушы 8,4 млн теңгені букмекерлік кеңселердегі өз шоттарына аударып, 3,3 млн теңгеге ставкалардан заңсыз табыс алған.
Сотталушының өзі кінәні мойындамады және ЖШС-де бухгалтер болып жұмыс істемегенін, тек үш айдың ішінде салық есептерін тапсыруға келгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, оған тек жұмыс істеген уақыты үшін төленген.
Осыған қарамастан, сот оның кінәсі толығымен дәлелденген деген қорытындыға келді.
Осылайша сотталушы кінәлі деп танылады. Оған орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
