Қазақстандықтарға 1414-тен келетін хат-хабарға байланысты ескерту жасалды

1414-тен келген кодты үшінші тұлғаларға хабарламаңыз. Алаяқтар сізге (WhatsApp арқылы) хабарласып, SMS арқылы келген кодты айтуыңызды сұрауы мүмкін. 

pixabay.com

Соңғы кезде өзін eGov.kz қызметкері ретінде таныстырып, ресми 1414 нөмірінен хабарласатын алаяқтар көбейіп кетті. Осыған байланысты, 2025 жылғы 15 мамырда «ҰАТ» АҚ қызметкерлері азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ведомство олар сіздің жеке деректеріңіз бен телефоныңызға қол жеткізуді көздейтіндігін атап өтті.

«1414-тен келген кодты үшінші тұлғаларға хабарламаңыз. Алаяқтар сізге (WhatsApp арқылы) хабарласып, SMS арқылы келген кодты айтуыңызды сұрауы мүмкін. Бұл – сіздің сеніміңізді жаулап алу және назарды басқа жаққа аудару мақсатында жасалатын психологиялық әдіс»,- делінген ақпаратта.

Не білу керек:

  • 1414-тен келген SMS-код пен ЭЦҚ кілттерін үшінші тұлғаларға беруге болмайды;
  • Күдікті сілтемелерге өтпеңіз;
  • Бейтаныс адамдардың өтінішімен бөгде қосымшаларды орнатпаңыз;
  • Күмәндансаңыз — 1414 байланыс орталығына қайта хабарласыңыз.
  • 1414 – байланыс орталық
  • 102 – полицияға алаяқтық туралы хабарлау

«Маңызды: Біз бизнес-аккаунттарды пайдаланбаймыз және мессенджерлерде (WhatsApp, Signal, Viber және т.б.) қолданушыларға хабарлама жібермейміз»,- деп ескертті мамандар.

Алаяқтардан қалай қорғануға болады?

  1. Банктік қосымшалар арқылы картаға лимит қойыңыз.
  2. eGov.kz порталында немесе eGov Mobile қосымшасында «Банк несиелері мен микро несиелерден өз еркімен бас тарту» қызметін пайдаланыңыз.
  3. eGov Mobile арқылы Мемлекеттік несие бюросы сервисінен жеке несие есебін алыңыз.
  4. Егер сіздің атыңызға несие сіздің рұқсатыңызсыз рәсімделсе, ІІМ (ҚР Ішкі істер министрлігі) органдарына жүгініңіз.
  5. Несие берген ұйымға өтініш жіберіңіз.
  6. ЭЦҚ кілттерін жоғалтқан жағдайда, жаңасын ғана емес, жоғалған кілтті де pki.gov.kz сайты арқылы кері қайтарыңыз.
  7. Ескі нөмірге қолжетімділік жоғалған жағдайда Мобильді азаматтар базасындағы телефон нөмірін ауыстырыңыз.

Егер сіз алаяқтыққа байланысты құқықбұзушылыққа тап болсаңыз, 102 нөмірне хабарласыңыз немесе ең жақын полиция бөлімшесіне барыңыз,- деп хабарлайды ҰАТ» АҚ баспасөз қызметі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-08
Утром7.52 ℃
Днем9.56 ℃
Вечером10.16 ℃
Ночью10.43 ℃
Влажность76 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.76 м/с
2025-11-09
Утром5.42 ℃
Днем7.09 ℃
Вечером4.88 ℃
Ночью3.6 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра7.26 м/с