ҚМДБ құдайы тамақта астың түр-түрін ұсынатындарға шектеу қоймақ

Енді тек алты түрлі ас ұсынылады.

Ашық дереккөзден

Енді ас берудің де өзіндік ережесі бар. Дін өкілдері жаназа мен құдайы тамақта аста-төк дастархан жайып, тамақтың түр-түрін ұсынатындарға шектеу қоймақ, деп хабарлады 31 арнаның informburo ақпараттық бағдарламасы.
Тіпті, ол үшін арнайы құжат қабылданды. Яғни, мәзірге енгізілген міндетті тағамдар тізімі бекітілген.
Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы қабылдаған құжатқа сәйкес, енді жаназа мен құдайы тамақ бергенде ысырапшылдыққа жол берілмейді. Яғни, қазіргідей аста-төк дастархан жайылып, үстелге түрлі салаттар мен тәттілер қойылмайды. 

Оның орнына тек алты түрлі ас ұсынылады. Олар бауырсақ, шелпек, шәй, су және сары май, тары-талқан, қант кәмпит пен ыстық тағам. 

«Қаралы үйде, кісі қайтқан үйде артында қалғандарға ауыр салмақ түспеуі керек. Әрине, барлығы бұған мәзірді құба-құп көріп қабылдаса, жақсы. Бұған арнайы бір комиссия құрып, бақылап, неге бұлай болып жатыр деуден аулақпыз. Біздікі тек имамдар арқылы жақсылыққа шақырып, ысырапшылдыққа жол бермеу», – деді ҚМДБ уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров.  

Мүфтияттың бұл бастамасын халықтың дені қолдайды. Көпшіліктің айтуынша, расымен бүгінде құдайы тамақтың дастарханын тойдікінен кем етпейтіндер көп. 
Қабылданған құжатта сонымен қатар құдайы тамаққа бару әдебі жазылған. Мәселен, шариғатқа сай киіну, асқа шақырылған уақыттан кешікпеу сияқты талаптар бар.

Дереккөзі: informburo.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-17
Утром18.75 ℃
Днем24.59 ℃
Вечером21.06 ℃
Ночью15.08 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра5.89 м/с
2025-06-18
Утром15.64 ℃
Днем23.02 ℃
Вечером21.83 ℃
Ночью16.38 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра5.9 м/с