БҚО-да төрт отандасын өлтірген шетелдік өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Сотталушының өзі кінәні ішінара мойындады.

Ашық дереккөзден

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өткен жылдың көктемінде 15 адам Өзбекстаннан Қазақстанға маусымдық жұмысқа келген.

Олар бақша дақылдарын өсірумен айналысатын шаруа қожалығында жұмысшы болып қызмет атқарған. Өздері ауылдан үш шақырымдай жерде қожалық аумағындағы уақытша баспанада тұрған.

Сол жылы 9 мамырда сағат 20.00 шамасында Ж. жерлестерінің бірінің туған күнін тойлап, алкогольдік ішімдік ішкен. Сағат 23.00-де олардың арасында келіспеушілік туындап, соның барысында сотталушы балтамен баспанаға кіріп, отандастарының біріне қарай лақтырып жіберген. Содан кейін «Бәріңді өлтіремін!» деп айқайлап, 5 литр бензин құйылған пластик ыдыстың қақпағын ашып, жанып тұрған газ плитасына лақтырғанда, өрт шыққан.

Өрт салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмып, тағы біреуі термиялық күйік жарақатын алған. Мемлекеттік айыптаушы Ж-ны қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жәбірленушілер азаматтық талап қоюдан бас тартып, жазаға қатысты мемлекеттік айыптаушыны қолдады. Қорғау тарабы Ж-ның әрекетін ҚР ҚК 104-бабының 2-бөлігіне сәйкес абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан деп қайта саралауды өтінді.

Сотталушы ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі 1, 6-тармақтарына сәйкес айыпты деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі төтенше қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Үкім заңды күшіне енді, — деп хабарлады ведомстводан.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-16
Утром11.2 ℃
Днем21.36 ℃
Вечером23.11 ℃
Ночью14.82 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.39 м/с
2026-08-17
Утром10.41 ℃
Днем25.77 ℃
Вечером29.04 ℃
Ночью19.99 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.79 м/с