«Құрдымға кетіп барамыз, түк болмағандай жүре алмаймын»: Ермек Тұрсынов Қазақстаннан кетіп қалды

Әлбетте, бәрі жақсы деп, түк болмағандай бұрынғыша өмір сүруге болар еді. Бірақ елде бәрі есінен танған жоқ әлі. Абсурд біздің елде нормаға айналып барады.

Ермек Тұрсыновтың парақшасынан

Режиссер Ермек Ермек Тұрсынов Қазақстаннан кетіп қалды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТҰРСЫНОВ ЕЛДЕН НЕГЕ КЕТТІ

Режиссер “Бір эмиграцияның тарихы” атты желіде ұзақ жазба қалдырды. “Неге?” деген сұраққа ұзақ толғап ой қалдырды. 

Жағдай былай: елден кетуге тура келді. Алысқа. Біреулер мұны ауыр қабылдайтын болар, енді біреулер қуанар, тағы басқалар сынап-мінейтін шығар. Әркімнің пікірі әрқилы. Ал маған келсек… Бәрі, әрине, көңілсіз жағдай. Бірақ басқа амалым да жоқ еді. Шындығын айтсам, мені елден жай ғана ығыстырып шығарды, – дейді ол.

Бұл қадамға бару себебін режиссер рет-ретімен жазған. Әңгімесін министр болып Ақтоты Райымқұлова келген сәттен бастаған.

Бәрі Раимқұлова атты мәдениет министрінен басталды. Бұрыннан-ақ елімізде мәдениетке немқұрайлы қарайтынын айтып келем. Бірақ Раимқұлованың министр болуы – шектен шыққан жағдай еді. Оның мәдениетке қатысы – менің мал шаруашылығына қатыстылығыммен бірдей. (Айтуларынша, қазір де жоғары лауазымда отыр. Бірақ бізде мұндай жағдай үйреншікті: кездейсоқ, бірақ ыңғайлы адамдар билікке қажет. Бір күні Ақтоты қажетті орында тұрды, сөйтіп оны министр етіп тағайындады, – дейді ол.

Ермек Тұрсыновтың Мәдениет министрлігімен текетіресі бұрыннан жалғасып келеді. 2020 жылы Тұрсынов сарапшылық кеңестен кеткен кезде министрлік режиссерге қарата “жазбаша өтініш қалдырып кетсеңіз бірсәрі, солай етсеңіз алаулатып-жалаулатып қалай жазсаңыз да болар еді” деп жауап берген. Ал 2020 жылы Ақтоты Райымқұлова “Ана тілі” газетіне берген сұхбатында «қатаң қағидалар енгізілді, соларды орындау­дан қашатындар, осыған дейін мемлекет қаржысына оңды-солды кино түсіріп үйренгендер жаңа заңдағы талаптарды қабылдай алмай жатыр” деген еді.

Ермек Тұрсынов не үшін елден кеткенін ұзын-сонар жазбада толығырақ баян етеді. Сөз соңында былай дейді:

Мемлекет біртін-біртін әрі тоқтаусыз құрдымға кетіп барады. Мен бұған қатысқым келмейді. Бұған жайдан-жай қарап та отыра алмаймын. Әлбетте, бәрі жақсы деп, түк болмағандай бұрынғыша өмір сүруге болар еді. Бірақ елде бәрі есінен танған жоқ әлі. Абсурд біздің елде нормаға айналып барады. Бұлай жалғаса берсе болмайды. Бірдеңе істеу керек… 

РЕЖИССЕР ЖАЙЛЫ

Ермек Тұрсынов – режиссер, сценарист, жазушы. 1961 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Ол Мәскеудегі бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтын (ВГИК) аяқтап, кинематография саласында танылған. Оның ең танымал туындылары:

  • «Келін» (2009) – Қазақстанның «Оскар» сыйлығына ұсынылған фильм.
  • «Шал» (2012) – аға буын мен жас ұрпақтың арасындағы философиялық қарым-қатынасты көрсететін туынды.
  • «Жат» (2015) – кеңестік қуғын-сүргіннің қазақ халқына әсерін суреттейтін драма.

Ермек Тұрсынов қазақ мәдениеті мен тарихына терең бойлап, қоғамдағы өткір мәселелерді кино тілінде бейнелейді. Оның шығармалары әлеуметтік, философиялық мазмұнымен ерекшеленеді. Қоғамдағы мәселелерді ашық айтатын өткірлігімен де белгілі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-14
Утром-6.91 ℃
Днем-7.23 ℃
Вечером-6.33 ℃
Ночью-7.43 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.18 м/с
2026-02-15
Утром-3.16 ℃
Днем-1.14 ℃
Вечером1 ℃
Ночью1.15 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.82 м/с