Ескі көлік үшін сұралатын салық қашан азаяды

Заң қабылданса ел автопаркінің жартысынан көбіне әсер етеді.

Ашық дереккөзден

Жаңарған Салық кодексінің жобасын мәжіліс мақұлдап, сенатқа жіберді. Президенттің үнемдеу туралы үндеуіне қарамастан құжатта шыққанына 11–20 жыл болған машинаға 30 %, одан ескісіне 50 % жеңілдік жасау туралы ереже өзгеріссіз қалды. Енді оны сенаторлар кодекстен алып тастамай, президент қол қойса болғаны.

Жеңілдік қашан күшіне енеді?

Кодекс келер жылы 1 қаңтарда күшіне енуі керек. Демек жеңілдік те сол кезде қолданыла бастайдыі. Мысалы, азамат ескі көлігін сатса, 2026 жылы ақпанда 2025 жылғы салықты бұрынғы мөлшерлеме бойынша төлейді (оған дейін төлеп қоймаса), 2026 жылы көлік иесі жаңа мөлшерлеме бойынша есеп айырысады.

Қанша автомобиль салық жеңілдігін алады?

ҚР Ұлттық статистика бюросының есебінше биыл 1 мамырда елде 6 175 955 көлік құралы тіркелген. Оның 5 340 301-і — жеңіл автомобиль. 11–20 жыл бұрын шыққан машина — 1 270 746, ал 20 жылдан асқан көлік — 2 266 099. Елде 3 536 845 ескі автомобиль бар. Демек, салық жеңілдігі Қазақстан автопаркінің жартысынан көбін қамтиды. Оның үстіне 2026 жылы ескі көлік саны тағы артатыны анық.

 Kolesa.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-16
Утром6.42 ℃
Днем11.06 ℃
Вечером12.27 ℃
Ночью8.57 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра7.05 м/с
2026-04-17
Утром4.98 ℃
Днем13.08 ℃
Вечером13.92 ℃
Ночью9.27 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра5.95 м/с