БҚО-да 50 млн теңгеге алаяқтық жасаған Алматы тұрғыны 11 жылға сотталды

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Алматы қаласының тұрғыны Ералы Байқожаға қатысты үкім шықты.

Ашық дереккөзден

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Е.Байқожа Чапаев-Жаңақала-Сайқын автожолын күрделі жөндеу жөніндегі шарттың жалпы сомасының 30 пайызы мөлшерінде алдын ала төлем жасау үшін БҚО әкімдігінің лауазымды қызметкеріне деп кәсіпкерді 50 млн теңге көлемінде пара беруге итермелеген. 

-Сотталушыға 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымға орналасуға өмір бойына тыйым салынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, – деп хабарлады ведомстводан. 

Сот кабинетінен алынған мәліметке қарағанда, қылмыстық іс алқабилердің қатысуымен қаралған.

Сотталушы 2024 жылдың мамыр айында Чапаев-Жаңақала-Сайқын жолын (307-337 км) күрделі жөндеуге тендер ойнатылып, «СМУ-7» ЖШС жеңімпаз болып шыққанын білген. Осы мүмкіндікті пайдаланып, Е.Байқожа серіктестік директорына қоңырау шалып, қосалқы мердігер болуға келісім-шарт жасасып, жұмыстың бір бөлігін беруді сұраған. Бірақ мердігер бұдан бас тартқан. 27 маусымда Астанада өзара кездесуде Е.Байқожа өз ұсынысын қайталап, мақсатына жете алмаған. 7 шілдеде аталмыш нысан бойынша толық хабардар болған ол келісім-шартта көрсетілген 9 млрд 465,3 млн астам теңгенің 30 пайызын аванс түрінде аудартуға көмектесуге уәде берген. Жаңадан тағайындалған БҚО әкімінің орынбасарымен таныс екендігін айтып, мәселені сол арқылы шешуге болатынын, ол үшін 50 млн теңге пара беру керектігін айтқан.

Мұның заңсыз екендігін түсінген кәсіпкер 8 шілдеде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментіне жазбалай арыз берген. 

Оралда 12 шілде күні ЖШС директоры Е.Байқожамен кездесіп, 50 млн теңге берген. Оның 49 миллионы – жалған, 1 миллионы шын ақша болған. Сол күні сотталушы қолға түсіп, өзіне байланысты емес мән-жайлар бойынша қылмыстық іс-әрекетін аяғына дейін жеткізе алмаған. 

Сот үкімімен Е.Байқожа ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі 2-тармағы, 190-бабы 4-бөлігі, 28-бабы 4-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды.

kaz.inform.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-17
Утром17.89 ℃
Днем25.96 ℃
Вечером21.06 ℃
Ночью15.08 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра5.89 м/с
2025-06-18
Утром15.64 ℃
Днем23.02 ℃
Вечером21.83 ℃
Ночью16.38 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра5.9 м/с