Полиция есебінде 5 мыңнан астам «қиын» бала тұр — ІІМ

Министрдің сөзінше, елімізде «Жасөспірім» атты профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр.

Фото: желіден алынды

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов полиция есебінде 5 мыңнан астам «қиын» жасөспірім тұрғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Министрдің сөзінше, елімізде «Жасөспірім» атты профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр.

«10 сәуір мен 31 мамыр аралығында 900 қараусыз жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды, 26 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 3 мың — ата-аналардың тәрбиелеу міндетін орындамауына байланысты, 954 бала және 815 ата-ана профилактикалық есепке қойылды, 4 мыңнан астам зиянды интернет-контент бұғатталды», — деп айтты Сәденов.  

Сондай-ақ каникул кезінде «Түнгі қалада қалған балалар» рейді ұйымдаcтырылады.

Бұл жерде басты мақсат:

– жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу,

– тұрмысы нашар отбасылармен жұмысжүргізу,

– түнгі уақытта балалардың көшеде жәнеойын-сауық орындарында болуына жол бермеу,

– спирттік ішімдіктер мен темекіөнімдерін сатқан кәсіпкерлер мен ата-аналарды жауапқа тарту.

«Қазіргі таңда, полиция есебінде 5 мыңнан астам «қиын» жасөспірімдер тұр. Олардың тек 3 мыңы ғана түзеу жұмыстарымен қамтылған (5 326-дан 2 905)», — деп айтты ІІМ басшысы Үкіметте.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-07
Утром-2.06 ℃
Днем-4.93 ℃
Вечером-9.57 ℃
Ночью-13.4 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.1 м/с
2026-03-08
Утром-6.74 ℃
Днем-5.48 ℃
Вечером-10.76 ℃
Ночью-10.37 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.6 м/с