Биыл қандай мамандықтарға грант көп бөлінеді?

Биыл техникалық мамандықтарға сұраныстың жоғары болуына байланысты грант саны көбірек болады.

Фото: ашық дереккөзден

2025 жылы ең көп білім гранты техникалық мамандықтарға бөлінеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов мәлім етті, деп хабарлайды baq.kz.

Сөз басында вице-министр елде атом электр станциясын (АЭС) салу жоспарына байланысты ядролық физика саласындағы кадрларды даярлау қажеттілігі туындап отырғанын атап өтті.

Қазіргі таңда АЭС-ке қатысты грант мәселесін қалыптастырып жатырмыз. Техникалық университеттердің оқу бағдарламалары мен мүмкіндіктері ескеріледі. Алдағы уақытта қанша мамандыққа қажеттілік туындайтынын толық бағамдай келе, гранттар саны белгіленеді, – деді Талғат Ешенқұлов.

Оның мәліметінше, АЭС үшін арнайы жаңа оқу орны ашылмайды. Себебі елімізде техникалық бағытта білім беретін 122 жоғары оқу орны бар. Олардың ішінде ядролық физика мамандығы бойынша білім беретін ірі университеттер де бар.

Олардың әрқайсысының оқу бағдарламасы әртүрлі. Оқу орындарының білім сапасына және инфрақұрылымына байланысты шешім қабылданады, – дейді вице-министр.

Ал қай мамандыққа көп грант бөлінеді деген сауалға:

Биыл техникалық мамандықтарға сұраныстың жоғары болуына байланысты грант саны көбірек болады, – деп жауап берді вице-министр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-05-08
Утром13.18 ℃
Днем22.83 ℃
Вечером23.49 ℃
Ночью18.33 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра5.46 м/с
2026-05-09
Утром14.57 ℃
Днем21.32 ℃
Вечером17.77 ℃
Ночью12.12 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра7.82 м/с