Оралда жаңа туған нәрестені тікелей ауруханаға жеткізді
Нәрестенің ауыр жағдайына байланысты оны Орал қаласындағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына шұғыл жатқызу қажет болды.

ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару әуе кемесі кеше ғана дүниеге келген баланы санавиация желісі бойынша тасымалдау үшін Бөрлі ауданы Ақсай қаласына ұшып шықты.
Нәрестенің ауыр жағдайына байланысты оны Орал қаласындағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына шұғыл жатқызу қажет болды.
Әр секундтың маңыздылығын ескере отырып, БҚО ТЖД басшылығы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, тік ұшақты медициналық мекеменің аумағына қондыру туралы шешім қабылдады.

ТЖМ ұшқыштарының жоғары кәсібилігінің арқасында шұғыл тасымал сәтті жүргізіліп, кішкентай науқас анасымен бірге денсаулық сақтау қызметкерлеріне аман-есен табысталды.
