Қазақстан тағы бір халықаралық банктен 13 млрд иен қарыз алады

Бұл қарыздар бюджет тапшылығына байланысты алынған. Жыл бойы Қазақстан бюджетінде 3,6 трлн теңге тапшылық болса, 600 млрд теңге сыртқы нарықтан алынады. 

Объектив.kz

Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкі 13 млрд иенге жуық қаражатты қарызға алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

БҰЛ ҚАНДА ЗАҢ

Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау жөнінде заң жобасы бүгін мәжіліске келіп түсті.

ЗАҢ НЕНІ КӨЗДЕЙДІ

Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың сөзінше, келісімге сәйкес, халықаралық банк Қазақстанға 13 млр йен (шамамен 46 млрд теңге) мөлшерінде қарыз береді. Бұл қаражат шалғай ауылдарға жоғары сапалы интернетті тартуға жұмсалады. Қарыз 12 жылға 4-5 пайызбен беріледі. Халықаралық қайта құру және даму банкі қарызды йенмен беру талабын қойған.

БЫЛТЫР ДА АЛҒАН

Қазақстан былтыр шетелдік үш банктен 600 млрд теңге қарыз алған еді. Қазақстан Азия Даму банкінен – 52,3 млрд жапондық йен (15 жылда өтеуі керек), Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен – 52,7 млрд йен, сондай-ақ Халықаралық қайта құру және даму банкінен 84,9 млрд йен (2034 жылы 15 қыркүйекке дейін төлеп бітуі керек) тартады. Жалпы сомасы 190 млрд йен. Теңгеге шаққанда ол – 600 млрд теңге. 

Бұл қарыздар бюджет тапшылығына байланысты алынған. Жыл бойы Қазақстан бюджетінде 3,6 трлн теңге тапшылық болса, 600 млрд теңге сыртқы нарықтан алынады. Мәселен, Азия Даму банкінен алынған 160 млрд теңгені Қазақстан 168 млрд теңге етіп қайтарады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-11
Утром6.84 ℃
Днем10.59 ℃
Вечером8.74 ℃
Ночью8.14 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра8.02 м/с
2026-04-12
Утром8.42 ℃
Днем14.24 ℃
Вечером16.77 ℃
Ночью13.8 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.16 м/с