БҚО-дағы» Сырым » шекара бекетінде 19 мамырдан бастап электрондық кезек пайда болды
Сервис Qoldau.kz цифрлық платформа негізінде іске асырылды және тегін.

Шекарадан өтудің ашықтығы үшін 2025 жылғы 19 мамырдан бастап «Сырым» автомобиль өткелінде CarGoRuqsat электрондық кезек жүйесі іске қосылды. Бұл туралы БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен хабарлады.
— Қазіргі уақытта Ақсай, Жәнібек, Орда, Шаған автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезекті брондау жүйесі оң нәтиже көрсетуде. Электрондық кезек жүйесін мемлекет жүз пайыз қатысатын ҚР ҚМ «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ «CarGoRuqsat» онлайн брондау сервисінің отандық әзірлеушілері мен мамандары құрды және қызмет көрсетеді, — деп түсіндірді ведомствода.
Сервис Qoldau.kz цифрлық платформа негізінде іске асырылды және бұл тегін. «CarGoRuqsat» электрондық кезек жүйесінің міндеті тасымалдаушыларға кезекті алдын ала брондау және ақпараттық жүйелерде қажетті құжаттарды тексеруді автоматтандыру мүмкіндігін беру.
— «Сырым» автомобиль өткізу пункті арқылы Қазақстан аумағынан шығуды жоспарлап отырған тасымалдаушыларға «CarGoRuqsat»қосымшасы арқылы электрондық кезекте орын брондау қажет. Ол үшін ttps://cgr.qoldau.KZ/ru/start сілтемесі бойынша өту, «CarGoRuqsat» қосымшасына тіркелу және кіру, өткізу пунктін таңдау, шекарадан өту күні мен уақытын көрсету және жүргізуші мен автокөлік туралы деректерді толтыру қажет. Өтінім мақұлданғаннан кейін шекарадан өту үшін өткізу пунктіне уақтылы келу қажет, — деп атап өтті Департаментте.
