БҚО-да жол апаттарының алдын алу мақсатында қосымша шаралар қабылдануда

4 айда облыс аумағында басып озу ережелерін бұзып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан 3278 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

БҚО-да жол апаттарының алдын алу мақсатында қосымша шаралар қабылдануда, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті қосымша кешенді шараларды жүзеге асыруда.

Атап айтқанда, жол қозғалысын бақылау үшін өңірде ұшқышсыз ұшу аппараттары – дрондар белсенді түрде қолданыла бастады. Бұл заманауи құрылғылар патрульдік полицияның жұмысын жеделдетіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға зор мүмкіндік береді.

4 айда облыс аумағында басып озу ережелерін бұзып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан 3278 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы аясында жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін қауіпті учаскелер ерекше бақылауға алынды.

Түнгі уақытта, сондай-ақ демалыс және мереке күндері қала сыртындағы автопатрульдер саны артып отыр.

Полиция департаменті барша азаматтарды жолда абай болуға және жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Есіңізде болсын, жол қауіпсіздігі – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.

Ақпарат көзі: polisia.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-11
Утром6.84 ℃
Днем10.59 ℃
Вечером8.74 ℃
Ночью8.14 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра8.02 м/с
2026-04-12
Утром8.42 ℃
Днем14.24 ℃
Вечером16.77 ℃
Ночью13.8 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.16 м/с