«Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды

«Кезби» жұмысшыларының ереуілдерінен соң Ержан Кезбаев ақша жымқырды деген күдікпен ұсталған еді.

коллаж smartnews.kz

smartnews.kz басылымының хабарлауынша, «Кезби» компаниясының бұрынғы директоры 10 жылға сотталды: 3 млрд теңгеден астам қаржы жымқырған.

Мұнайсервистік қызмет көрсететін «Кезби» ЖШС-нің бұрынғы басқарушы директоры Ержан Кезбаев аса ірі көлемдегі қаржы жымқыру және салықтан жалтару бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот материалдарына сәйкес, 2022–2023 жылдары Ержан Кезбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ тарапынан бұрғылау ұңғымаларын күрделі және жерасты жөндеумен айналысатын жұмысшылардың жалақысына бөлінген қаржының бір бөлігін өз пайдасына жаратқан. Шарттарға сәйкес, жалпы төлемдердің 70%-ы еңбекақыға бөлінуі керек болса, Кезбаев 2022 жылы тек 51,5%-ын, ал 2023 жылы 57,7%-ын ғана бөлген. Қалған 1,45 млрд теңге спонсорлық көмек, сыйақы, мерекелік шаралар және өткен жылдардың қарыздарын өтеуге жұмсалған.

Одан бөлек, Кезбаев нөлдік салық декларацияларын тапсырып, компанияның нақты табысын жасырып отырған. Мемлекетке келтірілген шығын — 1,57 млрд теңге. Екі қылмыстық эпизод бойынша келтірілген жалпы залал 3 млрд теңгеден асты.

Қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін ол компанияның ресми басшысы — денсаулығына байланысты қызметтен кеткен әкесінің атынан жалған актілерге қол қойғызып отырған.

Кезбаев кінәсін толық мойындаған жоқ. Ол компания 2023 жылы ереуілдер мен қаржыландыру тапшылығы жағдайында жұмыс істегенін, өзі сол күрделі ахуалда амалсыздан шешім қабылдағанын айтты. Сонымен қатар, алты баласы барын, оның біреуі бала кезінен мүгедек екенін, ал тұңғыш ұлы 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тауып, кейін орденмен марапатталғанын алға тартты.

Алайда сот оны кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар, оған 10 жыл бойы мұнай-газ саласындағы басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Кезбаев «Өзенмұнайгаз» АҚ-ына 321 млн теңге, ал Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне 1,5 млрд теңгеден астам қаржы қайтаруға міндеттелді.

Ол бұл үкімге шағымданып, апелляциялық арыз түсірді. Алайда Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы апелляцияны қанағаттандырмай, алғашқы сот үкімін күшінде қалдырды. Енді Ержан Кезбаев 10 жылын қылмыстық-атқару жүйесінде өтейтін болады және келтірген зиянды толық өтеуге тиіс.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-14
Утром-8.04 ℃
Днем-10.01 ℃
Вечером-10.19 ℃
Ночью-11.15 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра8.63 м/с
2026-01-15
Утром-14.01 ℃
Днем-13.34 ℃
Вечером-14.74 ℃
Ночью-15.49 ℃
Влажность79 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра7.72 м/с