Қазақстандықтардың Ресейге кіру ережелеріне өзгерту енгізілді

30 маусымнан бастап Ресейге баратын Қазақстан азаматтары шекарадан өту үшін 72 сағат бұрын ақпарат беріп,  цифрлық профильді толтыруы тиіс. 

Ашық дереккөзден

Қазақстандықтардың Ресейге кіру ережелеріне өзгерту енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Jibek Joly телеарнасын сілтеме жасап хабарлайды.

30 маусымнан бастап Ресейге баратын Қазақстан азаматтары шекарадан өту үшін 72 сағат бұрын ақпарат беріп,  цифрлық профильді толтыруы тиіс. 

Бұл шара заңсыз көші-қонмен күреске бағытталған пилоттық жоба аясында енгізіліп жатыр. Профильді RuID қосымшасы арқылы толтыруға болады, ол жерде сондай-ақ медициналық сақтандыруды рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған.

Аталған өзгерістердің 6 жасқа дейінгі балаларға, сондай-ақ Ресейде аккредитацияланған дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасыларына қатысы жоқ.

Егер туысының қайтыс болуына немесе денсаулығына байланысты шұғыл түрде жолға шығу қажет болса, онда шекарадан кіруге кемінде 4 сағат қалғанда RuID қосымшасы арқылы хабарлап, жеке кабинетке тиісті құжаттар мен анықтамаларды жүктеу қажет.

«Визасыз режимдегі елдердің азаматтарына кірудің жаңа ережелері енгізілді. Бұл біздің еліміздің азаматтарына да қатысты. 30 маусымнан бастап Қазақстан азаматтары Ресей Федерациясына кіруіне 72 сағат қалғанда ProID жаңа платформа жүйесіне кіріп, жеке кабинетінде деректерді толтырып, фотосы мен жеке мәліметтерін жүктеуі керек. Сондай-ақ, елге бару жоспарына сәйкес кіру және Ресейде болу мерзімін көрсетуі қажет», — деді Қазақстан Республикасының Ресейдегі елшілігінің кеңесші-консулы Ғазиз Ағыбаев.

Сонымен қатар жаңа ережеге сәйкес Ресейге адыраспан алып кіруге тыйым салынады. Ол құрамында есірткі және психотроптық заттар бар өсімдіктер тізіміне енгізілген. Заң бұзылған жағдайда 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 1 миллион рубльге (5 миллион теңгеге) дейін айыппұл қарастырылған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-16
Утром5.28 ℃
Днем11.01 ℃
Вечером12.47 ℃
Ночью8.76 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра7.11 м/с
2026-04-17
Утром5.29 ℃
Днем13.33 ℃
Вечером14.75 ℃
Ночью9.58 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.01 м/с