БҚО-да кісі өлтірді деп айыпталған СОБР-дың экс-қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты
Марқұмның денесі жер қойнына тапсырылған күні оның тұңғыш баласы дүниеге келді. Ер адам фельдшер болып жұмыс істеген.

21 мамырда Батыс Қазақстан облысында 30 жастағы Дияр Туысовты өлтірді деген айыппен СОБРдың 23 жастағы бұрынғы қызметкері Әлихан Биғазиевке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды zakon.kz.
Қылмыс 2024 жылғы 17 қарашада Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында болған. Ол кезде 30 жастағы фельдшер Дияр Туысов қаскүнемдердің қолынан қаза тапты. Сол түні ол жұмыстан қайтып келе жатып, достарына соққан.
Марқұмның денесі жер қойнына тапсырылған күні оның тұңғыш баласы дүниеге келді. Ер адам фельдшер болып жұмыс істеген.
Іс материалдарына сәйкес, кешкі сағат 23:00 шамасында Диярдың ішімдікке бас қойған достарының бірі кездейсоқ сыныптас қызға қоңырау шалып, қарыз сұраған. Бұл әйелдің жұбайына ұнамай, тараптар телефон арқылы ұрсысқан. Содан кейін әйел інісі Әлихан Биғазиевке қоңырау шалып, түнде мазасын алғандардың үстінен шағымданады. Көп ойланбастан, ол достарымен бірге әпкесін қорлағандарды табуға кірісіп, іздей бастайды. Олардың бірі үйінен табылады. Оны ұрып-соққан ашулы топ мұнымен тоқтамаған. Жолда олар көлікте отырған ер адамдарды көреді, олардың арасында марқұм Туысов та болған.
«Күш ведомстволарының қызметкері болып табылатын әрі қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін жіті меңгерген Әлихан Биғазиев өз әрекеті адам денсаулығына ауыр зиян тигізетінін біле тұра, Дияр Туысовтың басына қатты соққы береді», делінген іс материалдарында.

Одан кейін екінші сотталушы – 24 жастағы Еламан Дускалиев та ұрып-соғуды жалғастырады. Ол жәбірленушінің басына кем дегенде үш рет соққы береді. Кейін алған жарақаттарынан Дияр Туысов ауруханада қайтыс болды. Сараптама кісі өлімінің себебі жабық бас миының жарақаты және миға қан кету екенін көрсетті. Айтпақшы, ауруханада соққыға жығылған тағы бір басқа ер адам жатыр. Еламан Дускалиев пен үшінші сотталушы – 19 жастағы Мирлан Нұрсұлтанов тағы бір ауыл тұрғынын сабаған. Сотта сотталушылар сөз байласу арқылы әрекет еткендерін мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты.