Көлік жүргізушілеріне Қазақстан-Ресей шекарасында кептеліс болуы мүмкін екені ескертілді
Департаменттің мәліметінше, Ресей Федерациясының «Маштаково» шекаралық өткізу пунктінде 19-29 мамыр аралығында Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығу бағытында орналасқан инспекциялық-тексеру кешенінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

БҚО бойынша МКД Ресей Федерациясы Орынбор облысы бойынша шекара басқармасы федералды қауіпсіздік қызметі мәлім еткендей жөндеу жұмыстары жүзеге асырылатын болады.
Департаменттің мәліметінше, Ресей Федерациясының «Маштаково» шекаралық өткізу пунктінде 19-29 мамыр аралығында Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына шығу бағытында орналасқан инспекциялық-тексеру кешенінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Сондай-ақ 19 мамыр мен 30 қараша аралығында «Теплое» екіжақты автокөлік өткізу пунктінде жол төсеу-жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.
«Жұмыстарды жүргізу кезеңінде өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді, жұмыс істеу тәртібінде қандай да бір өзгерістер көзделмеген.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, «Сырым», «Тасқала» автокөлік өткізу пункттерінде көлік құралдары жиналуы мүмкін.
Жиналуға жол бермеу мақсатында автокөлік құралдары тасымалдаушыларынан мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде баламалы бағыттарды таңдауды сұраймыз», — дейді БҚО кірістер департаменті өкілдері.
