Оралда 10 жасар баланы бұралқы ит қауып алған

Оқиға 21 мамыр күні «Жаңа орда» шағынауданы 2-мекенжай маңында болды.

Ашық дереккөзден

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 21 мамыр күні «Жаңа орда» шағынауданы 2-мекенжай маңында болды. Шамамен сағат 19.50-де Орал қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне хабар түскен. 

– 2015 жылғы ұл баланы ит қауып алған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жіберілді. Баланың әкесі шағым түсіруден бас тартты. Аталған дерек бойынша бұралқы иттерге қатысты шара қолдану үшін Орал қалалық ветеринариялық станциясына хат жіберілді, — деп хабарлады ведомстводан. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Қазіргі таңда қажетті медициналық көмек көрсетіліп, бақылауға алынды. 

Орал қалалық ветеринариялық станциясының директоры Ерлан Ищановтың айтуынша, бүгін оқиға болған жерден екі ит ауланды. 

– Иттер Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті жанындағы «Жәрдем-Вет» оқу-ғылыми-өндірістік орталығына 10 күнге карантинге қойылды. Бақылауда ұсталып, содан кейін тиісті шара қабылданады, — деді Е.Ищанов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-19
Утром16.44 ℃
Днем22.31 ℃
Вечером21.6 ℃
Ночью18.97 ℃
Влажность62 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.62 м/с
2026-07-20
Утром17.53 ℃
Днем26.35 ℃
Вечером24.99 ℃
Ночью20.18 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра6.95 м/с