Ресей министрі: 26 жылға ғана жетер мұнайымыз бар. Не істейміз?

Сарапшылар Ресейдің мұнай қорына қатысты болжамын жасады. КСРО-да басталып, Ресей Федерациясында жалғасын тапқан «мұнай дәуірі» Мәскеу үшін аяқталуы ықтимал дейді мамандар.

Ресейде барланған мұнай қоры қазіргі өндіру деңгейімен алғанда небәрі 26 жылға жетеді. Бұл туралы Ресейдің Табиғи ресурстар министрі Александр Козлов сәрсенбі күні Мемлекеттік Думада өткен үкімет сағатында айтты.

Козловтың айтуынша, жалпы мұнай қоры 31 миллиард тоннаны құрайды. Алайда оның тек үштен бірі ғана, яғни 13 миллиард тонна мұнай өндіруге және өңдеуге жарамды. Қазіргі таңда мұнай компаниялары жыл сайын шамамен 500 миллион тонна мұнай өндіреді.

Министрдің сөзіне қарағанда, барланған қорлардан бөлек, Ресей аумағында 95 миллиард тонна «мұнай ресурсы» бар. «Олардың басым бөлігі өндіруі қиын аймақта орналасқан», — дейді Козлов.

2024 жылдың сәуір айында Ресей үкіметі бекіткен 2050 жылға дейінгі Энергетикалық стратегияға сәйкес, алдағы жылдары елдегі мұнай өндірісі күрт төмендеуі мүмкін. Сценарий бойынша, қазіргі 530–540 миллион тоннадан 2036 жылға қарай 477 миллион тоннаға дейін, ал 2050 жылға қарай 287 миллион тоннаға дейін қысқарады. Бұл жағдайда болжам бойынша мұнай экспорты да үш есеге қысқарады, яғни экспорт көлемі 234 миллион тоннадан 79 миллион тоннаға дейін азаймақ.

Ресей үшін аса қауіпті және «стрестік сценарий» болып саналатын жағдайда, яғни Батыс санкцияларының күшеюі және әлем елдерінің көмірсутектерден жедел бас тартуы жағдайында, 2050 жылға қарай Ресей жылына небәрі 171 миллион тонна мұнай өндіретін болады. Бұл қазіргі деңгейден үш есе аз деген сөз. «Бұл жағдайда экспортқа арналған мұнай қалмайды, экспорт көлемі нөлге дейін төмендейді» дейді ресейлік сарапшылар.

Энергетикалық стратегияда айтылғандай, қазіргі мұнай өндіру көлемін сақтап қалу үшін елге ауқымды инвестициялар қажет. Сонымен қатар «технологиялық дербестікке» қол жеткізу де маңызды саналады. Құжатқа сәйкес, мұнай мен газ өндіруге қажетті 1500-ден астам маңызды құрал-жабдықты Ресей өзі өндіре алуы шарт.

Қазіргі кезде Ресейдің Табиғи ресурстар министрлігінің бағалауынша, елдегі пайдалы қазбаларды өндіруге арналған бұрғылау жабдықтарының және аналитикалық бағдарламалық қамтамасыз етудің 90%-дан астамы шетелден әкелінеді. Сонымен қатар, өндіруші компаниялар пайдаланатын тау-кен машиналарының 50%-ы және жерүсті геофизикалық жабдықтың 30%-ы импорттық саналады. Кеніштерді технологиялық зерттеуге арналған жабдыққа тәуелділік — 20%, ал ұңғымаларды зерттеуге арналған геофизикалық жабдыққа тәуелділік — 10%-ды құрайды. Министр Козлов Ресейдің ресурс сату мүмкіндігін арттыру үшін Арктиканы барынша зерттеу стратегиясын қабылдауды ұсынуда.

Сарапшылар Ресей билігі мұнай және газ өндіруде Батыстық технологияны Қытайдан келетін құрал-жабдыққа алмастыруға тырысуда дейді. Алайда Бейжің Ресейге стратегиялық маңызды жабдықтарды беруден бас тартуда. 

Mezgil.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-07-20
Утром17.41 ℃
Днем26.39 ℃
Вечером25.29 ℃
Ночью20.88 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра7.39 м/с
2026-07-21
Утром18.82 ℃
Днем28.64 ℃
Вечером29.37 ℃
Ночью22.86 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра6.53 м/с