Оралда бес жер учаскесі аукционға қойылады
Жер коммерциялық нысандарды салуға арналған.

Орал әкімдігінің мәліметінше, 2025 жылдың төртінші маусымы сағат 10:00-де е-kazyna.kz порталында коммерциялық мақсаттағы объектілерді салу үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион (ағылшын әдісімен) өтеді.
Аукционға Оралда, Деркөл және Зачаганск кенттерінде коммерциялық мақсаттағы бес жер учаскесі қойылады. Аукционға қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін бес минут бұрын аяқталады. Аукционға қатысуға өтінімдер е-kazyna.kz порталында қабылданады.
