Алматыда Невский ескерткішін қойған. Ресейлік ұйымның Астанада өкілдік ашқаны хабарланды

Аталған ескерткіштің ашылуына сол кездегі қала әкімі Ерболат Досаев қатысқан. Оның бұл әрекеті қоғамда түрлі пікір тудырды.

Қазақстанда астанасында Ресейдің әскери-тарихи қоғамының (РӘТҚ) өкілдігі ашылды, деп хабарлайды «adyrna.kz» ұлттық порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы  «Еуразиялық мониторинг» сараптамалық зерттеулер орталығының директоры, РӘТҚ-ның Қазақстандағы өкілі болып тағайындалған Әлібек Тәжібаев  мәлімдеді.

«Астанада РӘТҚ өкілдігі ашылды, қазірдің өзінде 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарын жасауға белсенді кірістік. Жоспарда конференциялар мен ағартушылық бағдарламалар бар», – деген Тәжібаев.

Оның айтуынша, алдағы іс-шаралар бағдарламасын әзірлеу үшін қазақстандық тарихшылармен және қоғам қайраткерлерімен келіссөздер жүргізіліп жатқан көрінеді. Сонымен қатар жоғары оқу орындарымен, музейлермен және ардагерлер ұйымдарымен ынтымақтастық орнату жоспарлануда. Оның пікірінше, өкілдіктің ашылуы екі ел арасындағы гуманитарлық байланысты нығайтуға септігін тигізеді.

Айта кетейік, РӘТҚ 2023 жылы Қазақстанның ең ірі қаласы – Алматыда Александр Невский есімімен аталған шіркеудің алдына осы князьдің ескерткішін орнатқан. Аталған ескерткіштің ашылуына сол кездегі қала әкімі Ерболат Досаев қатысқан. Оның бұл әрекеті қоғамда түрлі пікір тудырды. Көпшілік бұл қадамды Ресей ықпалының символикалық көрінісі ретінде бағалап, әлеуметтік желілерде наразылық білдірді.

Ресей әскери-тарихи қоғамы 2012 жылы Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен қайта құрылған. Қоғамның төрағасы – Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский. Ол 2023 жылы Невскийдің Алматыдағы ескерткішінің ашылуына қатысқан. Мединский таяуда Түркияда болған Украинамен келіссөзге Ресей делегациясын бастап апарған.

Бір кезде Ресей сыртқыістермині Сергей Лавровтың ортақ тарих туралы айтқаны Қазақстан қоғамында қатты сыналған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-09
Утром-23.21 ℃
Днем-20.63 ℃
Вечером-19.33 ℃
Ночью-22.5 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра7.43 м/с
2026-03-10
Утром-28.24 ℃
Днем-16.08 ℃
Вечером-11.19 ℃
Ночью-8.15 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.45 м/с