Экология министрлігінде бюджет қаржысын жымқыру: табиғи резерват басшысы ұсталды

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді.

Ашық дереккөзден

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты РММ бас директоры жемқорлықпен күдікке ілінді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен «Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ-нің бас директорына қатысты қылмыстық іс тергелуде.

Ол резерватта шын мәнінде еңбек қызметін атқармаған тұлғаға жалақыны заңсыз есептеу арқылы ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта оның басқа қылмыстарға қатысы тексерілуде.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

резерваттың директоры Ұлан Мамырбаев 

Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ресми сайтында 2025 жылдың 3-ақпанындағы ақпаратқа сүйенсек, резерваттың директоры Ұлан Мамырбаев болған. Ол сол кезде резерваттың 2024 жылдағы жұмысын қорытындылап, 2025 жылға арналған жоспарын талқылаған. 

2024 жылы «Бөкейорда» МТР штаттық саны 78 адамды құрады, сонымен қатар штаттан тыс қызметкерлер саны 21. 2 штаттық бірлікті (директордың орынбасарлары) толық емес түрде бөлім бастықтары атқарады. Штаттан тыс бірліктер өзгертілген жоқ. 2024 жылы штат 7 бөлімнен тұрды (ғылыми, материалдық-техникалық, кадр, бухгалтерия, бақылау-тексеру, ОӨСС, табиғи кешен).

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-16
Утром11.2 ℃
Днем22.91 ℃
Вечером23.06 ℃
Ночью14.82 ℃
Влажность33 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.39 м/с
2026-08-17
Утром10.41 ℃
Днем25.77 ℃
Вечером29.04 ℃
Ночью19.99 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра7.79 м/с